Search Results

Now showing 1 - 4 of 4
  • ItemOpen Access
    БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ ТӨРТБҰРЫШТАРҒА (ТРАПЕЦИЯДАН БАСҚА) БАЙЛАНЫСТЫ КҮРДЕЛІ ЕСЕПТЕРДІ ШЕШУГЕ ҮЙРЕТУ ӘДІСТЕМЕСІ
    (СДУ хабаршысы - 2022, 2022) Dzh.T. Kayinbaev; N.B. Ualikhan
    Аңдатпа. Жалпы табиғатта болсын, күнделікті өмірде болсын, ғылым мен техникада болсын үшбұрыштарға қарағанда төртбұрыштар немесе үшбұрыш пішіндес нәрселерге қарағанда төртбұрыш пішіндес нәрселер көп кездеседі. Сондықтанда бүгін жалпы білім беретін орта мектеп парталарында, студенттік аудиторияда отырған білім алушылар бұл мәселелер жайлы математикадан функционалды сауатты болу үшін терең білім алулары керек. Ал бұл жағдайлардың іс жүзіне асуына үлкен көмек болатын мәселе - ол аталған материалдардың көзге көрінетін, көрінбейтін қасиеттерін, ерекшеліктерін байқауға, талдауға, меңгеруге итермелейтін күрделі есептерді шешуді үйрену болып табылады. Күрделі есептерді шешу біздің байқауымызша білім алушылардың аталған мәселелер жайлы практикалық біліктілігін ғана емес теориялық біліктілігін де жетілдіруге септігін тигізеді. Сол себепті, ұсынылған мақалада трапециялардан басқа төртбұрыштарға байланысты күрделі есептер мен оларды шешу жолдары талқыланады.
  • ItemOpen Access
    ТРАПЕЦИЯҒА БАЙЛАНЫСТЫ КҮРДЕЛІ ЕСЕПТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ТӘСІЛДЕРІ
    (СДУ хабаршысы - 2022, 2022) B.Sydykhov; Dzh.T Kayinbaev; A.S Ismukhambetova
    Аңдатпа. Мақала, элементар геометрия мазмұнындағы маңызды фигуралардың бірі болып табылатын трапецияға байланысты күрделі ecernep;[i шешу жолдарын талқылауға арналған. Осы жағдайды жүзеге асыру үшін әр түрлі теоремаларды пайдалана отырып бірте бірте есепті шешу тәсілі, геометриялық есептерді шешудегі ұқсастық тәсілі, қосымша сызбалар сызу негізінде есепті шешу тәсілі, геометриялық есептерді алгебралық тәсілмен шешу тәсілі және т.б қолданылады. Сол сияқты, мақалада шеңберге трапецияның іштей және сырттай сызылу мүмкіндігіне байланысты күрделі есептерді шешу жолдары талқыланады. Мақала, математиканы оқыту әдістемесі саласының мамандарына, мұғалімдерге, докторанттар мен магистранттарға арналған.
  • ItemOpen Access
    МЕНЕЛАЙ ТЕОРЕМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
    (СДУ хабаршысы - 2021, 2021) Ж.Т. Қайыңбаев; Д. Төлбасы
    Аңдатпа. Үшбұрыштарға байланысты көптеген есептерді, acipece күрделі есептерді шешу барысында, үшбұрыш қабырғаларын ары қарай созу және ол созындыны үшбұрыштың басқа элементтерімен байланыстыру мәселесі туындайды. Осындай жағдайлардағы есептерді шешу үшін қолданылатын маңызды теоремалардың бірі Менелай теоремасы болып табылады. Менелай теоремасының көмегімен үшбұрыштарға байланысы, тіпті кейде төртбұрыштарға да байланысты күрделі есептерді қысқа жолмен шешуге болады. Мақалада осындай жағдайлар әр түрлі нұсқада қарастырылған. Мақала, бүгінгі және болашақ математика пәндері мұғалімдеріне арналған.
  • ItemOpen Access
    ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ ШЕШУДІҢ ОҢТАЙЛЫ ТӘСІЛДЕРІН ІЗДЕУ
    (СДУ хабаршысы - 2023, 2023) S.A. Alpamys
    Аңдатпа. Қазіргі уақытта біз қоршаған ортада болып жатқан көптеген жаңа құбылыстарды байқаймыз. Бұл құбылыстар кез-келген адамнан жаңа каснепердін бплуын талап етеді. Ең алдымен қоғамға стандарттан тыс ойлайтын. 3 ойы негізінде шешім шығаратын және жаңа бастамаларды ұсынатын тұлғалар қажет. Осындай қасиеттерді математика сабағында немесе сабақтан тыс уақытта есептерді шығару арқылы қалыптастыруға болады. Геометрия оқулығында геометриялық есептерді шешу көбінесе стандартты алгоритмге негізделеді. Бұл алгоритм оқушылар үшін күрделі болуы мүмкін. Сондықтан геометриялық есептерді шешудің басқа әр түрлі әдіс-тәсілдерін іздеп оңтайлы әдісті табу керек. Бұл мақалада геометриялық бір есепті шешудің бірнеше әдістерін көрсетіп оңтайлы әдісті табамыз. Геометриялық есепті әр түрлі әдіспен шешу оқушылардың математикалық білімін тереңдетеді және шығармашылық қабілетін дамытады.