3 results
Search Results
Now showing 1 - 3 of 3
Item Open Access Қазақстандағы земстволық қозғалыстың Алашорда мен Уақытша Сібір үкіметінің бірлескен іс-әрекетін үйлестірудегі тарихи қызметі(Suleyman Demirel University, 2010) Сайлаубай Е. Е.Бұл мақалада 1918 жылғы саяси өзгерістер кезеңінде Қазақстан мен Сібір аймақтарында билік ауысуымен бірге қалыптасқан жергілікті өзін-өзі басқару органдары — земстволардың тарихи қызметі талданады. Автор земстволық құрылымдардың Алашорда және Уақытша Сібір үкіметімен өзара іс-қимылын нақты деректер негізінде сипаттайды. Семей, Өскемен, Павлодар және Қарқаралы уездеріндегі земство мекемелерінің қайта құрылуы, олардың азаматтық билік жүйесін қалыптастыруға қосқан үлесі, сондай-ақ Алашорда қайраткерлерінің земстволық басқармаларда белсенді қызмет атқаруы жан-жақты көрсетіледі. Мақалада Р.Мәрсеков, Х.Ғаббасов, Ә.Сәтбаев, И.Әлімбеков сияқты тұлғалардың өңірдегі саяси процестерге ықпалы ерекше атап өтіледі. Сонымен бірге земстволардың әскери жасақ құру, салық, сот, ағарту ісі сияқты салалардағы шешуші рөлі ашылады. Автор Алашорда мен земстволардың өзара байланысы аймақтағы саяси тұрақтылықты қамтамасыз еткен негізгі факторлардың бірі болғанын дәлелдейді.Item Open Access АЛАШ ЗИЯЛЫЛАРЫ ҰСТАНҒАН ҰЛТТЫҚ ИДЕЯТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЛҒАШҚЫ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ ИДЕОЛОГЕМАСЫ(СДУ хабаршысы - 2021, 2021) Шайменов Б.Ш.Аңдатпа. Бұл мақала алаш зиялылары ұстанған ұлттық мемлекеттік идеяның Қазақстанның бүгінгі идеологиялық бағытымен байланысын талдауға арналған. Тақырып бүгінгі күнге дейін бірнеше зерттеуге нысан ретінде алынса да, әлі өзектілігін жойған жоқ. Бүгінгі Қазақстан республикасының дамуға бағытталған стратегиялары ХХ ғасыр басындағы Алашорда үкіметі тұжырымдаған еске түсіруді қажет етеді. Жұмыста Алаш қозғалысы өкілдерінің ұлттық мемлекеттілікті қалыптастырудағы қызметі және ұлттық идеологияны қайта жаңғыртудағы іс-әрекеттері баяндалады. Жапония үлгісіндегі демократиялық мемлекет құру идеясына сараптау жүргізіледі. Зерттеуде тарихшылар мен саясаткерлердің Алаш идеясына жасаған талдаулары негізге алынған.Item Open Access АЛАШ ЗИЯЛЫЛАРЫ ҰСТАНҒАН ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ-ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЛҒАШҚЫ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ ИДЕОЛОГЕМАСЫ(СДУ хабаршысы - 2022, 2022) Б. ШайменовАңдатпа. Бұл мақала алаш зиялылары ұстанған ұлттық мемлекеттік идеяның Қазақстанның бүгінгі идеологиялық бағытымен байланысын талдауға арналған. Тақырып бүгінгі күнге дейін бірнеше зерттеуге нысан ретінде алынса да, әлі өзектілігін жойған жоқ. Бүгінгі Қазақстан республикасының дамуға бағытталған стратегиялары ХХ ғасыр басындағы Алашорда үкіметі тұжырымдаған еске түсіруді қажет етеді. Жұмыста Алаш қозғалысы өкілдерінің ұлттық мемлекеттілікті қалыптастырудағы қызметі және ұлттық идеологияны қайта жаңғыртудағы іс-әрекеттері баяндалады. Жапония үлгісіндегі демократиялық мемлекет құру идеясына сараптау жүргізіледі. Зерттеуде тарихшылар мен саясаткерлердің Алаш идеясына жасаған талдаулары негізге алынған.