Search Results

Now showing 1 - 2 of 2
  • ItemOpen Access
    ҚАЗАҚСТАНДА ДЕМОКРАТИЗАЦИЯ ПРОЦЕСІНДЕГІ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ОРНЫ
    (Suleyman Demirel University, 2017) Төлен Ж.М.
    XXI ғасырда азаматтардың билікке тікелей ықпал етуі мен қатысуын анықтайтын саяси режим түрі ол – демократия екені белгілі. Ал демократияның орнауының басты шарттарының бірі қоғамның саяси және азаматтық мәдениетінің қалыптасуы мен азаматтық қоғамның жан-жақты дамуы болып табылады. Осыған орай мақалада демократия мен азаматтық қоғам түсініктеріне талдау жасай отырып, мемлекетте демократиялық жүйені орнатудағы азаматтық қоғамның рөліне басты мән берілді. Сонымен қоса бірнеше этнос өкілдері өмір сүретін Қазақстанда, азаматтық қоғамды дамыту арқылы демократия қағидаттарын орнатудың жүзеге асырылуы, этносаралық қатынастарды реттеудің басты жолы болып табылатындығы қарастырылады. Мемлекеттің дамуы азаматтық қоғам мен демократия құндылықтарының қалыптасуы мен кең тарауымен тікелей байланысты екендігі тұжырымдалады.
  • ItemUnknown
    ҚОҒАМДЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ САНАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
    (Қазақстан ғылымының дамуы мен келешегі жастар көзімен - 2018, 2018) Айдаш Қ.Н.
    Қазіргі таңда азаматтық қоғамды қалыптастыру өте маңызды ісшаралырдың бірі болып табылады. Идеалды азаматтық қоғамды қалыптастыру үшін қоғам арасындағы қалыптасқан қоғамдық сананың дұрыс болғандығы маңызды. Бұл баяндамада азаматтық қоғамды қалыптастыруда маңызды элементтердің бірі болып табылатын қоғамдық құқықтық сана жайында болмақ. Қоғам арасындағы қоғамдық сананың жалпы қалыптасу жолдарын, оның қалыптасуында қосалқы əсер ететін жағдайлар мен сыртқы күштерді көрсетуге жəне оның шешілу жолдарын талдауға арналған. Қоғам арасындағы құқықтық негилизмнің қалыптасуын көрсетіп, оны жою жолдарын зерттеп, ең тиімді жолдарын анықтау болып табылады. Батыс жəне Шығыс Еуропаның дамыған мемлекеттерінің іс тəжірибелерін негізге ала отырып, олардың біркелкі дамуы мақсатында қолданған стратегиялық жоспарларының ішінен ең тиімді жолын анықтау болып табылады