3 results
Search Results
Now showing 1 - 3 of 3
Item Open Access ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ФУНКЦИОНАЛДЫ СТИЛЬДЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУІ(Suleyman Demirel University, 2020) Кубесова М.Е.Мақалада функционалды стиль терминіне ғылыми зерттеулер нәтижесінде шыққан анықтамалар, тұжырымдар ұсынылады. Қазақ тіл біліміндегі ғылыми зерттеулердің нысанына айналған функционалды стильдердің зерттелуіне, жіктелуіне, топтастырылуына, қалыптасуына, дамуына ғылыми шолу жасалып, ерекшеліктері көрсетіліп, тұжырымдар жасалынады. Функционалды стильдердің көптеген мәселелері зерттеу нысанына алынып, стильдік ерекшеліктері ескеріледі. Қазан төңкерісіне дейінгі баспасөз тілін, кеңес дәуіріндегі баспасөз тілін, қазіргі кезеңдегі баспасөздің, радио-теледидар тілін, қазақ ауызекі сөйлеу тілін, ресми тілін, ғылыми тілін, көркем әдебиет тілін жан-жақты зерттеп, түрлі аспектіден қараған ғалымдар тобы жүйеленіп ұсынылады.Item Open Access МҰХТАР ӘУЕЗОВТЫҢ «АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАН ЭПОПЕЯСЫНДАҒЫ ЭТНОМЕДИЦИНАЛЫҚ ЛЕКСИКА: ҚЫЗМЕТІ МЕН АУДАРМАДА БЕРІЛУ ТӘСІЛДЕРІ(Suleyman Demirel University, 2020) Боранкулова Б.Е.Мақаланың мақсаты - романдағы халықтың медицина лексикасының қызметін анықтап, оның ағылшын және орыс тілдеріндегі аудармасының берілу тәсілдеріне салыстырмалы талдау жасау. Тіл білімі маманы Қ. Ғабитханұлы американдық ғалым, лекикограф Уилфред Джон Фанктың «Word Origins and Their Romantic Stories» атты еңбегіне сүйене келіп, оның тіл мен мәдениет байланысы туралы айтқан мына бір үзіндісін келтіреді: «Тілдегі лексика құдды айна тәрізді, ол арқылы бір ұлттың өткен өмірімен танысуға болады». Сол сияқты халық медицина лексикасы ұлттың тарихымен, оның материалдық мәдениетінің дамуымен тікелей байланысты. Жұмыс барысында Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясындағы халықтық медицинаға қатысты лексика жинақталып, анықталған медицинаға қатысты сөздер мен сөз тіркестеріне тарихи-этимологиялық және лексико-семантикалық талдау жасалды. Сонымен қатар, романдағы этномедициналық лексиканың қызметі қарастылырып, олардың ағылшын және орыс тілдеріндегі аударма нұсқаларын аудармашылық паралельдік салыстыру арқылы қолданылған аударылу тәсілдері мен аударма сәйкестіктері зерделенді. Зерттеу нәтижесінде автор романында медициналық лексика халықтың діни нанымдары мен әдеп-ғұрыптары байланысты емдеу түрлеріне (жел үшық, үшкіру, дем алу, қасида оқу), адамның белгілі бір сәттегі психологиялық күйі-қалпын дәл беру үшін метафораланған медициналық лексиканың қолданғаны анықталды. Романдағы халықтық медициналық лексиканы ағылшын және орыс тіліне аудару кезінде транслитерация, сипаттамалы аударма арқылы берілген.Item Open Access АБАЙДЫҢ РУХАНИ МҰРАСЫ: ӨЛЕҢДЕРІ МЕН ҚАРАСӨЗДЕРІ(Suleyman Demirel University, 2020) Касимова А.Д.Абайдың рухани мұрасы: өлеңдері мен қарасөздері жайлы зерделеген өз ойларым мен зерттеушілік-ізденімдік тұжырымдарым талқыға салынды. Ақын қара сөздерінің адамгершілік, еңбек, білім алу, т.б. толғамды түйіндері мен философиялық көзқарастарына талдаулар жасалды. Қазақ елінің өміріндегі кемшіл тұстарды айқындай көрсетіп, адам бойындағы жаман қасиеттерді жіпке тізіп, осыдан жиреніңдер деп өсиет еткен бабамыздың еркін ойлары мен өлеңдерінің зерттеулерде көп айтыла бермейтін аспектілерін талдауға қадамдар жасалды. Зерттеуші ғалымдардың Абай шығармалары туралы пікірлері салыстырыла зерделеніп, сілтемеге алына отырып, өзіндік пікірлермен синтезделіп отырды. Жас зерттеуші ретінде жұмысымызда ақынның талданған әрбір өлеңінің жаңа қырларын ашуға және өзіндік пайымдаулар тұрғысынан келуге, тұжырымдар бекітуге мол талпыныс жасалды.