26 results
Search Results
Now showing 1 - 10 of 26
Item Open Access XX ҒАСЫР ҚАЗАҚ БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ЖАСӨСПІРІМДЕР БЕЙНЕСІ(2021 International Young Scholars' Conference, 2021) Жұмақаева Б; Давталиева Аружан ТанербергенқызыАңдатпа Мақалада ХХ ғасырдағы қазақ балалар әдебиетінің шығармаларындағы жасөспірімдер образының қалыптасу, даму және өзгеру ерекшеліктері анықталады. Тарихи, әлеуметтік, психологиялық факторлардың ықпалынан жасөспірімдер бейнесінің автор шығармаларында қалай көрініс тапқандығы сараланады. Аталған кезеңнің айшықты туындыларына тоқталып, кейбір образдарға талдау жасалынады. ХХ ғасыр тұсында қазақ әдебиеті жанрлық прогресстерімен ерекшеленеді. Жаңа ғасырдың басталуымен балалар әдебиеті жаңа серпін алып, проза, поэзия, драматургия жанрларында қарыштап дами бастады. ХХ ғасыр қазақ әдебиетінде балалар мен жасөспірімдер образын өз шығармасына арқау ету арқылы, автордың тарихи-әлеуметтік проблемаларды оқырманына жанама жеткізуі де осы заман әдебиетінің ерекшелігіне айналды. Жазушыларымыз бен ақындарымыз жасаған жасөспірімдер образдарының ықпалы, жас ұрпаққа тәрбиелік күші бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоймай келеді.Item Open Access СҰРАҒАН РАХМЕТҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫРЛАРЫ(2021 International Young Scholars' Conference, 2021) Базархан КенжегүлАңдатпа Қазақ әдебиетінің тереңге тамыр жайған тарихының бір бөлігі шетелдегі қазақ әдебиетінің еншісінде екендігі бүгінге дейін біраз ғылыми жұмыстарға тақырып, нысан болып келді. Мұндай тақырыптар көбінесе шетелдегі қазақ әдебиетінің жалпылама жайкүйі, зерттелуі төңірегінде болды. Мәселен, Моңғолияның Бай-Өлке қаласындағы қазақ әдебиеті жөнінде зерттеулер жүргізіліп, кейбір ақындардың шығармаларына тоқталғанымен, қазіргі таңдағы жекеленген қазақ қаламгерлерінің шығармаларына тілдіктанымдық, көркемдік ерекшеліктеріне интерпретациялық тұрғыдан нақты қалам тартыла берген жоқ. Осындай көрнекті ақындардың бірі – Сұраған Рахметұлы. Сұраған Рахметұлы Моңғолиядағы қазақ әдебиетінің көшбасында тұрған тілі орамды ақындардың бірі. Мақалада Сұраған Рахметұлы поэзиясының тілдік қолданысы, көркемдік мазмұны туралы сөз болады. Ақын өлеңдерінен мысалдар келтіре отырып, ішкі мазмұнына үңілу, тілдік талдау жұмыстары жүргізілген. Сұраған ақынның шығармаларына интерпретациялық талдау жасалына отырып, ондағы ақынның өлеңді жеткізудегі шеберлігі, тілдіккөркемдік ерекшеліктеріне кеңінен тоқталынған.Item Open Access КОНФЛИКТ ПОЛИТИЧЕСКИХ И КУЛЬТУРНЫХ ЦЕННОСТЕЙ В СОВРЕМЕННОМ КАЗАХСТАНЕ(2021 International Young Scholars' Conference, 2021) Бакирланова АйзадаАннотация Статья посвящена проблеме политических и культурных ценностей в Казахстане. Основная задача исследования – показать влияние культурных ценностей на политические, которые формирует общественное мнение и приводит также к конфликту. Цель статьи заключается в рассмотрении особенностей культурного и политического развития современного Казахстана. При анализе исторических предпосылок и становления независимого Казахстана, использовался системный подход и метод классификации. С помощью использования данных методов были выявлены объекты конфликта и группы явлений конфликта. При проведении исследования, была использована работа известного американского социолога Л. Козера «Функции социального конфликта», с точки зрения анализа социокультурных, социально-экономических и социально-психологических основ в культурных и политических ценностях общества [2].Item Open Access НАЗАР ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ ЖӘНЕ ГИПЕРАКТИВТІЛІКТІҢ БҰЗЫЛУЫ БАР МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР (қазақ тілі пәні бойынша)(2021 International Young Scholars' Conference, 2021) Қанен А.Аңдатпа Мемлекетіміздің әрбір азаматы – ұлттық құндылық, әрбір баласы – еліміздің ертеңі екенін ескерсек, әрбір ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылар сапалы білім алып, азамат болып қалыптасуына жағдай жасау міндетіміз. Өткен ғасырдың соңғы ширегінде практикалық медицинада жаңа проблема «зейін мен назар жетіспеушілігі» синдромы пайда болды. Синдромның табиғаты туралы кеңінен ақпарат алу үшін биология, генетика, психология, неврология және психиатрия саласында көптеген зерттеулер жүргізілді. Назар жетіспеушілігінің бұзылуы және гиперактивтілік (СДВГ) - бұл мектепке дейінгі немесе ерте мектеп жасында жиі кездесетін психофизиологиялық бұзылыс. Ерекше балалар үшін мінезқұлқын бақылау және назар аудару қиын екені белгілі. ЗЖГС-ның негізгі көріністері – гиперактивтілік, назардың жетіспеушілігі және импульсивтілік. Еліміздегі мемлекеттік саясаттың маңызды басымдықтарының бірі – білім беру жүйесінің дамуы. Сапалы білімнің барлығы үшін қолжетімді болу шартын қалыптастыруға бағытталған білім беру жүйесін түрлендіру процестерінің бірі инклюзивті білім беру болып табылады. Бұл мақала инклюзивті білім беруді анықтау тәсілдерін қысқаша қарастырудан және демократиялық қоғамдағы азаматтық құқық аясында ерекше балаларға қазақ тілін үйреудегі әдістәсілдермен бөлісу мақсатында жазылды.Item Open Access ПРАВОВЫЕ ПРОБЛЕМЫ ПЕРСОНАЛЬНЫХ ДАННЫХ ПРИ ИСПОЛЬЗОВАНИИ ИНТЕРНЕТ-БАНКИНГА(2021 International Young Scholars' Conference, 2021) Елубаева Ш.A.; Бимбетов А.Б.Аннотация В настоящей работе исследуются вопросы правового регулирования защиты персональных данных при использовании интернет-банкинга. Авторами проанализированы как законодательные, так и подзаконные акты в этой сфере, в том числе закон РК «О персональных данных и их защите». В работе раскрыта правовая сущность персональных данных, в том числе и перечень информации, составляющие персональные данные согласно законодательству Республики Казахстан и исследованиям отечественных и зарубежных ученых. Также проведен анализ правовых способов защиты персональных данных при пользовании гражданами отечественным интернет-банкингом. В заключении авторы предложили ряд мероприятий, связанных с совершенствованием законодательства Республики Казахстан в сфере защиты персональных данных. Ключевые слова: персональные данные, защита персональных данных, банк, интернет-банкинг, информационная безопасность.Item Open Access ПРОЗАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫҢ СЮЖЕТТІК ЖЕЛІСІ МЕН ТАРТЫСЫН ТАЛДАУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ СЫНИ КӨЗҚАРАСТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ(2021 International Young Scholars' Conference, 2021) Шүкей Г.Прозалық шығармалар – өмір шындығын өнеге ететін, бала қиялын шарықтата алатын сөз өнері. Бұл мақалада прозалық шығармаларды оқыту, олардың сюжеттік желісі мен тартысын талдау жолдары анықталады. Әдеби көркем шығармаларды әр түрлі талдау тәсілдері арқылы білімгерлердің сыни көзқарастарын қалыптастыру жолдары талқыланады. Бұл тұста сыни көзқарас қалыптастыру әдіс-тәсілдерін тұрақтандыру қажеттілігі туатыны анықталып, педагогикалық технологиялардың базистік ерекшеліктерін, жаңашыл новаторлық технологиялардың талаптарын, ұстанымдарын біріктіріп оқыту жүйесін орнату мүмкіндіктері қарастырылды. Білім беру жүйесіндегі көркем шығарманы игеру, оны талдау маңыздылығы сипатталады. Негізгі шығарманың тағандары болып есептелетін жалпы шығарманың құрылысы, идеялық мазмұны, шығармадағы тартыс мәселесін талдаудағы баланың өзіндік ойы мен пікірін дамыту қалай жүзеге асады, оның маңыздылығы қандай, түрлі талдаулар нұсқаларын тұтастырып, талдау жүйелерін құру мәселелері талданады.Item Open Access МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА SCRATCH АРҚЫЛЫ БАҒДАРЛАМАЛАУ ТІЛІН ҮЙРЕТУ(2021 International Young Scholars' Conference, 2021) Саймасай Г.Б.; Оразов О.О.; Беккожаев Б.А.; Дауытжанова Б.А.; Көпбай М.К.; Баймуратова Г.А.Аңдатпа Мақала дамыған технология дәуірінде мұғалімнің білім берудегі рөлін қарастырады Цифрлық технологияның білім беруде қолданылуы жағдайына анализ жасалады. Технология жетістіктерін білім беру ісінде қолдануда «ұлттық код», ұлттық сананың жаһандық білім мен технологияға ашықтығы» ұғымдарын негізге алады. Білім беру саласында цифралық технлогияны пайдалануда негізге алынатын факторларды анықтап көрсетеді. Мектеп оқушыларына ойын-жобасы түрінде Scratch ортасында бағдарламалауды үйретудің мүмкіндіктерін қарастырады. Ойын арқылы бағдарламалау тілін үйретуде негізге алынатын педагогикалық, психологиялық әдістемелер мен баланың ортасы, дүниетанымы факторларының ғылыми теориялық, тәжірибелік негіздері көрсетіледі. Scratch арқылы ойын жасауда «ұлттық код», «ұлттық сананың жаһандық білім мен технологияға ашықтығы» көзқарасы негізге алынған. Зерттеу жұмысы «шынашақ саусақтар бағдарламалау тілін жазсын» деген концепциямен жолға шығып, балаларға кішкене жастан бастап бағдарлама тілін үйретудің өзектілігі мәселесін шешуге бағытталады.Item Open Access «АЛАШТАНУ» КУРСЫ (БАСТАМА РЕТІНДЕ)(2021 International Young Scholars' Conference, 2021) Өзбекбай Ә.Н.Аңдатпа «Алаштану» курсы (бастама ретінде): «Aлaштaну» куpcын бipлi-жapым мeктeптepдe oқыту шapaлapы қoлғa aлынғaнымeн, aлaш идeяcын жaн-жaқты, тыңғылықты әpi жүйeлi түpдe жoғapы мeктeптepдe oқытудың ғылыми-әдicтeмeлiк кeшeнi әлi жacaқтaлмaғaн. Бұл тaқыpып бүгiндe ғaлымдap apacындa apaгiдiк cөз бoлғaнымeн, түпкiлiктi шeшiмiн тaппaй кeлe жaтқaн күpмeуi қиын мәceлeлepдiң бipiнe aйнaлғaн. ХХ ғacыp бacындaғы ұлт зиялылapы қaлыптacтыpғaн тәуeлciз Aлaш идeяcы қoғaмдық caнaның eң биiк көpiнici eдi. «Aлaш» қoзғaлыcы, «Aлaш» пapтияcы, aлaш идeяcы, Aлaшopдa үкiмeтi – ұлт тәуeлciздiгi үшiн күpecкeн, ұлттық pухпeн, мeмлeкeтшiлдiк идeямeн cуcындaғaн қaйpaткep тұлғaлapдың epeн eңбeгiнiң, қaжыpқaйpaтының, epiк-жiгepi мeн ұшaн-тeңiз бiлiмдepiнiң нәтижeci бoлaтын. Coл қиcaпcыз бiлiмдepiн, ұлтын шeкciз cүйгeн әзиз жүpeктepiн aлaш aлыптapы қaзaқ жepi мeн мeмлeкeттiлiгiн caқтaуғa, хaлықтың ұлттық идeяcы мeн pухaни-мәдeни, тapихи caнacын қaлыптacтыpу жoлындa жұмcaды. Coндықтaн дa aлaш көceмдepiнiң eл игiлiгi жoлындa aтқapғaн игi icтepiнiң мәнi мeн мaңызын, тapихи құндылығын бoлaшaқ мaмaндapдың жaдындa жaңғыpтып, oлapдың ұлттық caнa-ceзiмдepiн, ұлтжaндылық, зияткepлiк қacиeттepiн, aзaмaттық көзқapacтapын дaмытуғa тиicпiз. Хaлқымыздa «көpгeнi бap көpгeнiн icтeйдi, көpгeнi жoқ oйынa кeлгeнiн icтeйдi» дeгeн oйлы cөз бap. Oлaй бoлca, cтудeнттepдi көpгeнi мeн түйгeнi мoл ХХ ғacыp бacындaғы ұлт зиялылapының eңбeктepi apқылы кәciби бiлiктiлiгi жoғapы, бәceкeгe қaбiлeттi, ұлттық құндылықтapды жeтe бaғaлaйтын мaмaн eтiп тәpбиeлeуiмiз кepeк.Item Open Access МӘТІНДІ ПРАГМАТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ(2021 International Young Scholars' Conference, 2021) Валибаева Н.Мақалада мәтінді прагматикалық талдау және оны оқытудың әдіс-тәсілдері қарастырылады. Мәтінді көп өлшемді зерттеу, оны прагматикалық талдау автор мен оқырманның өзара әрекеттесуін ашады. Прагматикалық мәтіндерді қолдана отырып, тілді оқытудың тиімділігі мен оң тәжірибесі әртүрлі зерттеулерде дәлелденген. Ол адресаттың берген ойын жан-жақты талдап, толық қабылдап іске асыруға мүмкіндік береді. Прагматикалық талдау әдісі көркем шығармаларға да, баспасөз мақалаларына да толық қарастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар мектеп қабырғасында мәтінді прагматикалық тұрғыдан талдай алатын оқушы оны құрастыруға да қабілетті болады. Яғни бұл оның шығармашылық қабілетін ашуға мүмкіндік беріп, оны жан-жақты дамытуға да пайдасы мол. Бұл мақалада мәтінді прагматикалық талдаудың маңыздылығын толықтай ашып және оларды оқытуда тиімді әдіс-тәсілдер беріледі. Бұл талдау әдісін мектеп оқушыларына үйрете отырып, олармен мектеп бағдарламасында берілген көркем мәтіндермен жұмыс істеу, оқушылардың өздеріне дайын прагматикалық мәтін құрастыра алуды үйрету – бұл жұмыстың негізгі мақсаты.Item Open Access ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА БЛУМ ТАКСОНОМИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ(2021 International Young Scholars' Conference, 2021) Айтқазина Т.Аңдатпа Мақалада мақалада қазақ тілін оқытуда Блум таксономиясын қолданудың тиімділігі талқыланады. Қазақ тілін оқытуда мұғалімнің білім мен дағдылар қалыптастырып, жас буынның ой-өрісін дамытып, функционалды сауатты оқушыларды тәрбиелеп шығаруда және қазақ тілін оқытуда Блум таксономиясын барынша тиімді пайдаланудың әдістік қолданыстары мен ерекшеліктері жан-жақты қарастырылады. Блум таксономиясының білім беру процессіндегі, соның ішінде қазақ тілін оқытудың әдіс-тәсілдері ұсынылады.
- «
- 1 (current)
- 2
- 3
- »