Search Results

Now showing 1 - 2 of 2
  • ItemUnknown
    ФРАЗЕОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУДА КОГНИТИВТІКОММУНИКАТИВТІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУ
    (СДУ хабаршысы - 2023, 2023) Мереева Ә.
    Аңдатпа. Мақала қазақ фразеологиялық жүйесін оқытудың когнитивті және коммуникативті әдіс-тәсілін анықтауға бағытталған. Қазақ фразеологиясының типологиялық және лексика-семантикалық сипаты, фразеологизмдердің функционалды - стилистикалық жіктелімі және прагматикалық сипаты туралы анықтамалар бере келе, когнитивті сипаттары қарастырылады. Зерттеу жұмысының қорытындысы ретінде мектепте фразеологизмдерді оқытудың когнитивті-коммуникативті моделін жүзеге асыру бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелерін талдау жұмыстары ұсынылып, алдыға қойылған мәселелерді шешудің тиімді жолдары анықталады. Тіл білімінің лингвистикалық саласынан бастау алатын когнитивті сала мен когнитивті саланы белгілі бір тақырыпты меңгеруде қолдану бүгінгі таңда креативті жолдардың бірі саналады. Мақала қазақ тіліндегі фразеологизм тақырыбын когнитивтікоммуникативті әдістерге салу арқылы оқытудың тиімді нәтижелерін көрсетеді. Зерттеу жұмысын қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері әдістемелік көмекші құрал ретінде пайдалана алады.
  • ItemOpen Access
    БАЛА ТІЛІН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
    (СДУ хабаршысы - 2017, 2017) А. Бейсенбай; Қ. Мұхамади
    Аңдатпа. Бала тіліндегі өзгешеліктердің көптігі оның зерттеу нысаны ретіндегі қырын да толықтыра түседі. Себебі баланың өзін қоршаған болмыс бейнесін қалай сомдағанына, игермеген ұғымдарының болуына, болмыс туралы нақты түсінігі болмауына байланысты шындықты тілдегі арнайы қалыптасқан атаумен атамай, баланың тілінде қалыптасқан, өзі ұқсатқан сөздермен алмастыра отырып атауы жиі ұшырасады. Мақалада тілші ғалымдардың бала тілінің шығуы, қалыптасуы, тарихы тағы басқа мәселелерге қатысты пікірлері ескеріле отырып, жалпы тіл білімінің негізгі де маңызды зерттеу жұмысының бірі екендігі баяндалған. Бала тілін зерттеушілердің біразы бала сөздерін, сөйлемдерін жазып алып, олардың ерекшеліктеріне тоқталса, екіншілері бала тілін эксперимент арқылы алып, бала тілін психологиялық, педагогикалық, физиологиялық тұрғыда қарастырып келді. Ал үшінші топтағылар бала тілінің ерекшелігін теориялық жағынан, баланың ойлауын, таным деңгейінің өсуімен байланыстырып когнитивті негізде қарастырды мақалада осы аталған мәселелер кеңінен сөз болады.