Search Results

Now showing 1 - 2 of 2
  • ItemOpen Access
    МҰХТАР МАҒАУИННІҢ «ЖАРМАҚ» РОМАНЫНДАҒЫ КӨРКЕМДІК УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК
    (СДУ хабаршысы - 2023, 2023) Ізбай Іңкәр Өмірбекқызы
    Аңдатпа. Мақаланың кіріспе бөлімінде жалпы хронотоп терминінің шығу тарихына, ғылыми айналымға енгізген ғалымдар мен зерттеушілер берген анықтамаларға шолу жасалып, қазақ әдебиетіндегі уақыт және кеңістік категориясының зерттелуі қозғалған. Сонымен қатар М.Мағауиннің «Жармақ» романында көрініс беретін тарихи көркем уақыт пен кеңістік категориясына бойынша талдаулар жүргізіліп, тұжырымдар жасалды. Романда баяндалған негізі сюжет желісі екі тұлғалық бөліністі қамтиды. ал автор оқиғаны уақыт пен мекеннің адам санасынан тыс өзгеріп отыруы арқылы дамыта түскен. Уақыт пен кеңістіктің өзгеріп отыруына кейіпкердің эмоционалды-психологиялық жай-күйі, темпоралды ритм қозғалысы мен өзгерісі де әсер еткен. Романдағы метафизика, эстетика, этиканың байланысы және бір уақыт шенберінде болған бірнеше әрекет, кейіпкер тұрған кеңістіктің өзгеріп отыруы қарастырылды. Оған қоса автордың әдеби шығармадағы көркем уақыт пен кеңістікті берудегі тілдік қолданыстарының маңызы туындыдан алынған мысалдармен дәйектепді.
  • ItemOpen Access
    ШЫҢҒЫС АЙТМАТОВ «ҒАСЫРДАН ДА ҰЗАҚ КҮН» РОМАНЫНДАҒЫ УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК КАТЕГОРИЯСЫ
    (СДУ хабаршысы - 2023, 2023) Ізбай І.Ө.
    Аңдатпа. Мақалада қырғыз халқының жазушысы Шыңғыс Айтматовтың алғашқы туындыларының бірі «Ғасырдан да ұзақ күн» романы мен хронотоп мәселесі қарастырылды. Қазақ прозасындағы көркем уақыт пен кеңістік мәселесіндегі психологизм, кейіпкерлер әлемі, эмоциялық құбылулардың сюжет динамикасына әсері сөз болып, авторлық баяндауға ден қойылды. Көркем кеңістік пен уақыт байланысы күрделі сипат алған Шыңғыс Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн» романы талданды. Әдеби көркем туындыда кеңістік пен уақыт белгілері, оның сипатын беретін негізгі элементтер түр-түрге бөлініп шығарма құрылымын құрайды. Мақалада олардың арасындағы байланыс пен алшақтық, бірігуі мен бөлінуінің автор қолданысындағы көрінісі қарастырылды. «Боранды бекет» аталып кеткен Ш. Айтматовтың шығармасындағы сюжеттік құрылымында маңызды рөл атқарған уақыт және кеңістік категориясының түрлеріне кеңірек тоқталып, романнан үзінді мысалдармен дәйектелді.