4 results
Search Results
Now showing 1 - 4 of 4
Item Open Access Негізгі мектепте оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру жолдары(2020 International Young Scholars, 2020) Сайдалиева И.Аңдатпа Негізгі мектепте оқушылардың қызығушылығын ояту қаншама жылдар бойы педагогикадағы ең көп сұранысқа ие мәселелердің бірі болып келген. Бұл мақалада еліміздегі сол жеткіншек ұрпаққа білім берудегі оқытушылардың міндеті тек білім беру ғана емес, сонымен қатар оқушының өмірге деген көзқарасын дамыту, жанжақты болуын қадағалау керектігі және оқушының әртарапты дамуында ата-ана мен оқытушының рөлінің маңыздылығы баяндалады. Сонымен бірге оқушы белсенді іс-әрекет негізінде білім алатыны және мұнда оның айналасындағы достарымен жарыса отырып оқуы тиімді екендігі айтылған. Сондай-ақ, баланың өз ойының болу керектігін, сонымен қатар баланың өзіндегі ішкі мотивациясын оятып, оқуға деген талпынысын күшейту өте маңызды екенін ұмытпауы керектігі айтылған. Және оқушылардың ,ең болмағанда, ай сайын өздеріне жасаған тірліктері туралы есеп беріп отырулары да пайдалы екенін ескеру баяндалған.Item Open Access ЖОҒАРЫ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫ ОҚЫРМАНДЫҚ МОТИВАЦИЯСЫН КҮШЕЙТУ ЖОЛДАРЫ(СДУ хабаршысы - 2021, 2021) А.А.ИзенбаевАңдатпа. Біздің мақалада оқуға және зерттеуге арналған екі жұмыс түрі ұсынылған. Біріншісі - оқуға немесе оқуға арналған құнды шығармалар. Екіншісі - сыныптан тыс оқуға арналған тізім түрінде берілген шығармалар. Алайда мұғалімде оқушыларды мұнымен шектеп қана қоймай, тәрбиелік мәні бар жаңа шығармаларды таңдап, ұсынуға деген ұмтылыс бар. Сондықтан мектеп оқушыларының көркемдік талғамын және оқу дағдыларын дамыту үшін пән мұғалімі күнделікті сабақтарда сыныптан тыс оқуға көңіл бөліп, үнемі басшылық жасап, оны жүзеге асырудың жолдарын ойластырып, бұл үшін кең өріс құруы керек. Мақалада оқушылардың оқу деңгейінің біртіндеп жоғарылауы, оқылымның жүйелі дамуы, қарапайымнан күрделіге өту, оқушылардың әдеби және мәдени білімдерін жүйелеу және одан әрі терендету, оқу дағдыларын дамыту көзделген.Item Open Access ФРАЗЕОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУДА КОГНИТИВТІКОММУНИКАТИВТІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУ(СДУ хабаршысы - 2023, 2023) Мереева Ә.Аңдатпа. Мақала қазақ фразеологиялық жүйесін оқытудың когнитивті және коммуникативті әдіс-тәсілін анықтауға бағытталған. Қазақ фразеологиясының типологиялық және лексика-семантикалық сипаты, фразеологизмдердің функционалды - стилистикалық жіктелімі және прагматикалық сипаты туралы анықтамалар бере келе, когнитивті сипаттары қарастырылады. Зерттеу жұмысының қорытындысы ретінде мектепте фразеологизмдерді оқытудың когнитивті-коммуникативті моделін жүзеге асыру бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелерін талдау жұмыстары ұсынылып, алдыға қойылған мәселелерді шешудің тиімді жолдары анықталады. Тіл білімінің лингвистикалық саласынан бастау алатын когнитивті сала мен когнитивті саланы белгілі бір тақырыпты меңгеруде қолдану бүгінгі таңда креативті жолдардың бірі саналады. Мақала қазақ тіліндегі фразеологизм тақырыбын когнитивтікоммуникативті әдістерге салу арқылы оқытудың тиімді нәтижелерін көрсетеді. Зерттеу жұмысын қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері әдістемелік көмекші құрал ретінде пайдалана алады.Item Open Access “ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДИСКУРС” ҰҒЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ(СДУ хабаршысы - 2022, 2022) М.М.МейірханқызыАңдатпа. Педагогикалық дискурс - бұл мұғалім мен оқушының өзара әрекеттесуінін нақты жүйесі, онда жеке тұлға мен қоғамның толыққанды мүшесі қалыптасады. Мұғалім белгілі бір "бағыттаушы" рөлін атқарады, ол дұрыс көзқарастар мен мінез-құлықты насихаттап, білім алушыларды бағыттап, түзете алады, әлем құрылымының нормалары мен ережелерін түсіндіруге қабілетті. Ал осы үдерістің барлығы тілде қалай жүзеге асатынын осы педагогикалық дискурс аясында көре аламыз. Педагогикалық дискурс арқылы болашақ мұғалімдердің педагогикалық қарым-қатынасты оңтайлы ұйымдастыруы үшін мұғалімге қажет негізгі дискурсивті дағдыларды қалыптасады. Сабақтын мақсаттары мен Міндеттеріне сәйкес педагогикалық дискурстың түрлерін стратегиялық жоспарлауды жүзеге асыру қабілетіне тікелей байланысты екенін назарға ала отырып, ЖОО-дағы студенттердің білім беру бағдарламаларына педагогикалық дискурс пәнін енгізу қолға алынды.