2 results
Search Results
Now showing 1 - 2 of 2
Item Open Access ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІНДЕГІ НҰРҒИСА ТІЛЕНДИЕВТІҢ ӘН МҰРАСЫ(СДУ хабаршысы - 2018, 2018) К.С. КырыкбаеваАңдатпа. Мақалада қазақ дәстүрлі мәдениетінің көрнекті композиторы мен орындаушысы-күйші, қайталанбас тұлға Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығының ән өнерәндегі ерекшеліктері қарастырылады. Тілендиевтің ән мұрасын зерттей келе терең түсінуге, оның орындаушылық, композиторлық, құрылымы жағынан айырмашылығын, өзіндік бағыты қарастырылады. Нұрғиса Тілендиевтің ән әлеміндегі музыкасы қазақ халқының тынысымен ерекшеленетін қазақтың интонациялық әлемін түсінуге бағытталады. Мәдениеттің жаhандану заманында композитордың шығармаларының әр түрлілігі қоғамдық санаға, сезімге және талғамға, болмысқа эстетикалық көзқарасты қалыптастыруға, тұлғаны рухани құндылыққа тәрбиелеуде үлкен әсер ететіні сипаталып, композитордың вокалдық шығармашылығын қарастыра отырып қазіргі қазақ музыкалық өнерінің рухани дамуына қосқан үлесін баяндалады. Нұрғиса Тілендиевтің ән өнеріндегі шығармалары Қазақстанның музыкалық мәдениетінің ұлттық игілігі болып табылатын халық үшін баға жетпес мұра болып қала беретін шығармаларына кең анықтама беріледі.Item Open Access БІЛІМАЛУШЫЛАРДЫҢ МӘТІН АРҚЫЛЫ МӘДЕНИТАНЫМДЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ(СДУ хабаршысы - 2023, 2023) Әбілда ҰлбалаАңдатпа. Қазіргі уақытта білім беру жүйесі жаңа деңгейге көтерілді. Заман талабына сай білім беру жүйесі де өз алдына мақсат қойды. Ол өз ойы бар, барлық құзыреттіліктерді меңгерген, сауатты, психологиялық негіздерге сай білім алған, дүниетанымы кең, еркін ойлы тұлға дайындау. Соңғы уақыттарда білім беру жүйесінде білімалушылардың дүниетанымын кеңейту, таным көкжиегін дамыту мақсатында «мәденитанымдық құзыреттілік» ұғымы жиі қолданылуда. Мәдениеттанымдық құзыреттілігі қалыптасқан, жетілген тұлға әрдайым сұранысқа ие. Оқыту процесінде оқушының қабылдауына, зейініне, танымына, түсінуіне мән берілу қажет. Мәденитанымдық мәтіндер арқылы баланы оқытудың мәні өте зор. Мәтін арқылы оқушылардың мәденитанымдық құзыреттілігі қалыптасатыны мақалада дәлелденіп отыр. Оқушылардың мәтін арқылы мәденитанымдық құзыреттілігін арттырудың психологиялық негіздері мақалада тереңірек қарастырылады