2 results
Search Results
Now showing 1 - 2 of 2
Item Open Access YOUTUBE ПЛАТФОРМАСЫНДАҒЫ СҰХБАТ ЖАНРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ: ТИМУР БАЛЫМБЕТОВ ПЕН ЮРИЙ ДУДЬ АРНАЛАРЫНДАҒЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ІЗДЕНІС(СДУ хабаршысы - 2022, 2022) Ақық М.; Байымбетов Б.Аңдатпа. Мақалада YouTube платформасындағы сұхбат жанрының орны және оған аудитория тарапынан жоғары сұранысқа назар аударылды. Зерттеу аясында бейнехостингте жоғары қаралым жинап, кәсіби сұхбаттарымен көрермен ықыласын аударған «вДудь» және «Timur Balymbetov» арналарының өнімдеріне салыстырмалы талдау жасалып, сондай-ақ ғалымдар пікірін сүйене отырып, YouTube сұхбатына тән ерекшеліктер анықталды. Сонымен қатар, кәсіби журналистердің YouTube платформасына кету себептері, өнімдерінің кәсіби деңгейі мен шығармашылық ізденіс мәселесі де зерттеу жұмысының өзегіне айналды. Сұхбат жанрының мазмұндық тұрғыдан түрленуіне визуалдық элементтердің ықпалына да ғылыми тұрғыдан тұжырым жасалды.Item Open Access СOVID-19 ПАНДЕМИЯСЫ КЕЗІНДЕГІ АҚПАРТҚА ЖҰРТШЫЛЫҚТЫҢ ӘСЕРІ: «AKORDAPRESS» INSTAGRAM ПАРАҚШАСЫ МЫСАЛЫНДА(СДУ хабаршысы - 2023, 2023) Бермағанбетова Б.Аңдатпа. 2020 жылдың 11 ақпанында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусы немесе COVID-19 деп аталатын респираторлық ауруды ресми түрде жариялаған болатын. 2019 жылдың желтоқсанында Қытайда алғаш пайда болған бұл ауруды кейін 2020 жылдың наурыз айында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пандемия деп жариялады. Бұл әлемде бұрын-соңды болмаған оқшаулануға, денсаулыққа қауіп төндіру мен қаржылық тұрақсыздық секілді алаңдаушылыққа алып келді. COVID-19 пандемиясы кезінде Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік медианың қоғамдағы рөлі айтарлықтай артқаны сөзсіз. Себебі осындай дүрбелең жағдайда олар өмірлік маңызды ақпарат беріп қана қоймай, екі жақты қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік берді. Зерттеу «Akordapress» Instagram парақшасында пандемия кезіндегі жаңалықтарына контент-анализ жасауға бағытталған. Жалпы халықтың ақпаратқа деген әсерін білетін боламыз.