2 results
Search Results
Now showing 1 - 2 of 2
Item Open Access МЕКТЕП ГЕОМЕТРИЯ КУРСЫНДАҒЫ САЛУ ЕСЕПТЕРІ(2021 International Young Scholars' Conference, 2020) Қайнарбай Н.Мақалада салу есептерінің деңгейлері: талдау, зерттеу, салу, дәлелдеу бөлімдері толығымен ашылып, талданады. Салу есептері оқушылардың ойлау қабілетін, математикалық ойлауын қалыптастырып, дамытады. Есеп шығару барысында әрбір кезеңді бөліп, қандай маңызға ие екенін көрсеттік. Салу есептері 7-8 сынып оқушыларына соңғы тоқсанда оқылады. Бірақ оқушыларға түсінікті тиімді, білімін толықтыруға жеңіл әдіс – тәсіл таңдалмауы, геометрия пәніне арналған оқулықтардағы тапсырмалардың аталған тақырыпқа аз берілуі. Мектеп математика мұғалімдерінен жіне 7-8 оқушыларынан салу есептеріне байланысты әңгіме-сауалнама алу алынды. Сауалнама нәтижесінде қорытынды жасалып, мысал-есеп алып әр бөлімді бөліп, есеп шығару барысында маңызын көрсеттік. Сауалнамадан оқушылардың салу есептерінің шығару жолдарының бөліктерін білмейтінін байқасақ болады. Салу есептерін шешудегі мақсат: берілген құралдар арқылы керекті фигураны салу. Мұғалімдердің пікірінше салу есептеріне жеткілікті көңіл бөлінбейді, оқулықта қосымша есептер болу керек, деңгейлері күрделі болған соң, оқу жоспарына қосымша сабақтар қосылу керек және салу есептеріне байланысты үйірме ашылу керек деп есептейтінін көрсек болады.Item Open Access МҰХТАР МАҒАУИННІҢ «ЖАРМАҚ» РОМАНЫНДАҒЫ КӨРКЕМДІК УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК(СДУ хабаршысы - 2023, 2023) Ізбай Іңкәр ӨмірбекқызыАңдатпа. Мақаланың кіріспе бөлімінде жалпы хронотоп терминінің шығу тарихына, ғылыми айналымға енгізген ғалымдар мен зерттеушілер берген анықтамаларға шолу жасалып, қазақ әдебиетіндегі уақыт және кеңістік категориясының зерттелуі қозғалған. Сонымен қатар М.Мағауиннің «Жармақ» романында көрініс беретін тарихи көркем уақыт пен кеңістік категориясына бойынша талдаулар жүргізіліп, тұжырымдар жасалды. Романда баяндалған негізі сюжет желісі екі тұлғалық бөліністі қамтиды. ал автор оқиғаны уақыт пен мекеннің адам санасынан тыс өзгеріп отыруы арқылы дамыта түскен. Уақыт пен кеңістіктің өзгеріп отыруына кейіпкердің эмоционалды-психологиялық жай-күйі, темпоралды ритм қозғалысы мен өзгерісі де әсер еткен. Романдағы метафизика, эстетика, этиканың байланысы және бір уақыт шенберінде болған бірнеше әрекет, кейіпкер тұрған кеңістіктің өзгеріп отыруы қарастырылды. Оған қоса автордың әдеби шығармадағы көркем уақыт пен кеңістікті берудегі тілдік қолданыстарының маңызы туындыдан алынған мысалдармен дәйектепді.