2 results
Search Results
Now showing 1 - 2 of 2
Item Open Access СOVID-19 ПАНДЕМИЯСЫ КЕЗІНДЕГІ АҚПАРТҚА ЖҰРТШЫЛЫҚТЫҢ ӘСЕРІ: «AKORDAPRESS» INSTAGRAM ПАРАҚШАСЫ МЫСАЛЫНДА(СДУ хабаршысы - 2023, 2023) Бермағанбетова Б.Аңдатпа. 2020 жылдың 11 ақпанында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусы немесе COVID-19 деп аталатын респираторлық ауруды ресми түрде жариялаған болатын. 2019 жылдың желтоқсанында Қытайда алғаш пайда болған бұл ауруды кейін 2020 жылдың наурыз айында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пандемия деп жариялады. Бұл әлемде бұрын-соңды болмаған оқшаулануға, денсаулыққа қауіп төндіру мен қаржылық тұрақсыздық секілді алаңдаушылыққа алып келді. COVID-19 пандемиясы кезінде Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік медианың қоғамдағы рөлі айтарлықтай артқаны сөзсіз. Себебі осындай дүрбелең жағдайда олар өмірлік маңызды ақпарат беріп қана қоймай, екі жақты қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік берді. Зерттеу «Akordapress» Instagram парақшасында пандемия кезіндегі жаңалықтарына контент-анализ жасауға бағытталған. Жалпы халықтың ақпаратқа деген әсерін білетін боламыз.Item Open Access Қаратөбе аудандық ауруханасы үлгісінде медициналық көмек сапасын жақсарту мақсатында кадрлық саясатты оңтайландыру(2024) Меңдіғалиев Е.Қ.Магистерлік жобада ұйымның кадр саясатын оңтайландырудың өзекті мәселелеріне баса назар аудара отырып, Қаратөбе ауданының тұрғындары үшін сапалы медициналық көмек көрсетудің маңыздылығы ашылды. Дәрігерлер және орта буынды медициналық персонал – бұл ұйымның жұмыс істеуі мен дамуын қамтамасыз ететін негізгі ресурстардың бірі, сонымен қатар сапалы медициналық көмек көрсету тұжырымдамасының маңызды элементі. Заманауи денсаулық сақтау саласында кадрлық ресурстарды тиімді басқару сапалы медициналық көмек көрсетуін қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады. Зерттеуді жүргізу себептері қолданыстағы шектеулер мен кадрлық құрам жағдайында Қаратөбе ауданының тұрғындарына медициналық көмек көрсету сапасын арттыру қажеттілігінен туындады. Зерттеу мақсаты ауруханадағы медициналық көмектің сапасын арттыру үшін оңтайландырылған кадрлық саясат стратегияларын әзірлеу және енгізу болып табылады. Зерттеу әдістемесі кадр саясатының ағымдағы жағдайын талдауды, бар мәселелер мен өзекті ашық сұрақтарды зерттеуді және кадр басқарудың жаңа стратегияларын әзірлеу мен тиімділігін бағалауды қамтиды. Зерттеу деректерді талдау әдістерін, қызметкерлердің сауалнамаларын, сондай-ақ медициналық көмектің сапасы туралы құжаттар мен статистикалық деректерді талдау арқылы жүзеге асырылады. Зерттеу нәтижелері Қаратөбе аудандық ауруханасының кадр саясатындағы негізгі аспектілерді анықтауды, кадрлық басқарудың жаңа стратегияларын әзірлеуді және енгізуді қамтиды: орта медицина қызметкерлерін өз бетінше қабылдауды енгізу арқылы, босатылған дәрігерлік кадрларды қажетті бейінді мамандықтарға оқыту, сондай-ақ орындалатын жұмыс сапасының индикаторларына сәйкес сараланған төлемді енгізу арқылы олардың тиімділігі мен уәждемесін бағалау. Кадр саясатын оңтайландыру медициналық көмектің сапасын жақсартуға, қызметкерлер мен пациенттердің қанағаттанушылығын арттыруға, сондай-ақ жалпы аурухана жұмысының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді деп күтілуде.