2 results
Search Results
Now showing 1 - 2 of 2
Item Open Access Қазақ тілі сабағында оқу мақсаттарын бағытталған тапсырмаларды құрастырудың тиімді жолдары(2022) Айтқазина Т.Б.Диссертация жұмысының тақырыбы: қазақ тілі сабағында оқу мақсаттарына бағытталған тапсырмалар құрастырудың тиімді жолдары Жұмыстың құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан (тараушалардан), қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Диссертациялық жұмыстың көлемі: 82 бет, 8 кесте бар, зерттеу барысында 37 әдебиет қаралды. Кілт сөздер: оқу мақсаттары, тапсырма, жаттығу, ұстаным, талап, әдіс. Диссертация жұмысының бірінші бөлімінде оқыту қазақ тілінде жүргізілетін негізгі орта мектеп деңгейінің 5-9 сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы зерттеліп, талдау жасалды. Осы үлгілік оқу бағдарламасын басшылыққа ала отырып, барлық негізгі орта мектепте жүргізілетін қазақ тілі пәндері өтіледі. Бұл құжатта оқу мақсаттары бөлім бойынша әр сыныпқа, “сөйлеу дағдыларына қарай жүйеленіп берілген. Тапсырмалар негізделіп құрастырылатын оқу мақсаттарына жан-жақты талдау жүргізілді. Оқу мақсаттарына негізделген тапсырма түрлері анықталып, тапсырмаларды құрастыруда ескерілуі тиіс ұстанымдар мен талаптар айқындалды. Атап айтсақ, Құрманова Н. «Қазақ тілін дамыта оқыту технологиясы», Рахметова С. «Қазақ тілін оқыту методикасы», Ерхожина Ш. «Құрмалас сөйлемді шығармашылықпен оқыту» монографиясы, Күзекова 3. «Қазақ тілі. Грамматикалық жаттығулар жинағы» және тағы сол сияқты көптеген педагогикалық, методикалық еңбектер қарастырылды. Диссертация жұмысының екінші бөлімінде оқу мақсаттарына бағытталған, анықталған талаптар мен ұстанымдар ескерілген тапсырма үлгілері құрастырылды. Құрастырылған тапсырмалар зерттеу тәжірибесінде барысында сынақтан өткізіліп, эксперимент нәтижесі талданып, аталған бөлімнің бірінші тараушасына енгізілді. Оқу мақсаттарына бағытталып құрастырылған тапсырмаларды орындату арқылы оқу бағдарламасының 4 бөлімі бойынша оқушыларда қалыптасатын білік-дағдылар сарапталды. Одан бөлек, қазақ тілі пәні бойынша оқу мақсаттарына бағытталған тапсырмаларды құрастырылғаннан кейін, тапсырмаларды оқу үдерісінде тиімді пайдаланудың әдіс-тәсілдері қарастырылды. Тапсырмаларды тиімді қолдану арқылы оқу мақсаттарын қанағаттандыру жолдары айқындалды. Диссертация жұмысының қорытынды бөлімінде зерттелген тақырып бойынша жалпылама қорытынды жұмыстары жасалды. Зерттеу жұмысының ашқан жаңалығы мен маңыздылығы талқыланды. Зерттеу нысаны болып отырған оқу мақсаттарына бағытталған тапсырмаларды құрастыру әдістемесі сарапталып, талқыланды. Атап айтқанда: - Оқу мақсаттарына негізделген, дидактикалық талаптар мен ұстанымдар бойынша тапсырма құрастыру әдістемесіне талдау жасалды. - Құрастырылған тапсырмаларды тиімді қолдану жолдары айқындалды.Item Open Access ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДА ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ӘДЕБИ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ(2022) Арибжанова А.Ш.Диссертация жұмысының тақырыбы: Әдебиет сабағында жоғары сынып оқушыларының әдеби шығармашылық қабілетін дамыту Жұмыстың құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан (тараушалардан), қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Диссертациялық жұмыстың көлемі: 88 бет, 24 кесте, 3 сурет, 3 сызба бар, зерттеу барысында 65 әдебиет қаралды. Кілт сөздер: шығармашылық, қабілет, оқушы, әдебиет пәні, өнер, мұғалім. Диссертация жұмысының бірінші бөлімінде жоғары сынып оқушыларының әдеби және шығармашылық қабілетіне сәйкес дамыту үдерісінің ерекшеліктері және әдеби-шығармашылық қабілетті дамыту мәселелерінің психологиялық аспектісі қарастырылып, зерттелді, осыған сәйкес дидактикалық ұстанымдарға, арнайы шығармашылық тұлға қалыптастыру барысында қамтылатын үдерістерге тоқталып, жұмыс жүргізілді. Диссертация жұмысының екінші бөлімінде жоғары сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту үдерісін әдістемелік тұрғысынан қамтамасыз ете отырып, жоғары сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттнн дамыту барысында өткен тәжірибелікэксперименттік жұмыстың мазмұны мен барысы қарастырылды. Сонымен қатар әдеби шығармашылық қабілет арқылы оқушының шығармашылық тұлғасын қалыптастыру үдерісінің белсенді-мақсатты моделі жұмыстың екінші бөлімінде қамтылды. Диссертация жұмыстың қорытынды бөлімінде тақырыпқа сай жоғары сынып оқушыларының әдебиет сабағында шығармашылық қабілетін дамыту туралы зерттелген барлық тарауларға түйін жасалынды. Жұмыс алдына қойған мақсатқа айқын жетекізілді деген сенім бар. Орындалуы керек” міндеттер толық дерлік орындалып, мәселелер өз шешімін таба алды деген қорытынды жасауға болады.