2 results
Search Results
Now showing 1 - 2 of 2
Item Open Access БЕЙНЕ ТАНУ ЕСЕБІНІҢ КЕЙБІР ШЕШІМДЕРІ(Suleyman Demirel University, 2015) Әмірғалиев Е.Н.; Азат Г.Өз уақытында ағылшын тіліндегі жұмыстардан кіргізілген "pattern recognition" терминіндегі "pattern" термині "бейне" мағынасынан басқа "нобай", "тәртіп", "стиль", "заңдылық", "әрекет бейнесі" деген мағыналарды білдіретініне көңіл бөлінбеді. Қазіргі тану мәселесінде "бейне" - бұл қарастырып отырған құбылыстың немесе үрдістің, объектінің кейбір құрылымдық жуықтау сипаттамасы (эскизі) екенін ескере отырып, оны әсіресе жасанды зердеде ең кең мағынад пайдаланады, яғни, сипаттаманың жарым жартылай анықталуы бейненің тікелей өзгешелікті қасиеті болып табылады.Item Open Access РОБОТ – ҒЫЛЫМ ЖАҢАЛЫҒЫ, ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ҚАЖЕТТІЛІГІНІҢ ЖЕМІСІ(Suleyman Demirel University, 2016) Әмірғалиев Е.Н.Адам қабілеті шексіз. Есте жоқ ескі замандардан бері жаратылыста тек адамның ғана сана-сезімі ұдайы дамып келеді. Алғашқы қауымдық құрылыста таспен ұрып аң аулаған бабаларымыздың бүгінгі ұрпағы көк жүзін бағындырып, алты ғаламды зымыранмен аралағаны айтар ауызға оңай. Осындай дәрежеде даму үшін адамзат баласының басынан қаншама ізденіс, ойлау, талдау өткенін бір жаратқан ғана білер. Біздің білетініміз бұл тынымсыз еңбектердің нәтижесі. Ғылымды дамыту үшін барша қауым атсалысты десек, артық болар. Жетістік - тек «Ізденген жетер мұратқа» деп ізденісті серік еткен ғылым мен қоғам саласындағы қайраткерлердің арқасы. Зерттеуші ғалымдар Госвами мен Брайант: «Адамдар арасындағы ерекшелік олардың нейрофизиологиялық ерекшеліктерінде емес, керісінше тәжірибесінде» деген екен. Алғашқыда жабайы аңдарды үй жануарларына айналдырған адамзат баласының кейін техника жетістіктерін өз мүдделеріне қызмет жасауына қол жеткізуі ізденіс шыңына құлаш ұру болып табылады. Қоғамдық өндіргіш күштердің өркендеуіне орай дамыған қоғамдық сананың шарықтау шегі-барлық әрекетті пультпен басқару болатыны анық. Ғылымның дамыған шағындағы адам баласының игілігіне қызмет атқаратын «РОБОТ» терминін біз қалай түсінеміз? Оның пайдалы жақтары қандай? Кез-келген әрекеттің күнгейі мен көлеңкесі болатыны секілді робот атаулының зиянды жақтары да болуы мүмкін бе?