2 results
Search Results
Now showing 1 - 2 of 2
Item Open Access ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ДЕҢГЕЙЛІК ТАПСЫРМАЛАР ҚҰРАСТЫРУДАҒЫ ҰСТАНЫМДАР(СДУ хабаршысы - 2017, 2017) А. Жұматай; Қ. МұхамадиАңдатпа. Өзге ұлтқа қазақ тілін оқыту – өте күрделі мәселе болғандықтан, осы мәселені шешуде оқыту ұстанымдарының алатын орны ерекше. Мақала өзге ұлтқа қазақ тілін оқытуда деңгейлік тапсырмалар құрастырудың теориялық және әдістемелік негізін көрсетуге арналған. Ал қазақ тілін оқытуда деңгейлік тапсырмалар құрастыру концепциясы оқытудың ұстанымдарынына негізделеді. Қазақ тілінің негізгі салаларын оқыту да нақты ғылыми дәлелдеулерге, ұғымдарға, басқаша айтқанда, ғылыми принципке сүйенеді. Мақалада қазақ тілін деңгейлік оқытудың нәтижелілігі ғылыми ұстанымнан өзге жүйелілік, көрнекілік, саналылық пен белсенділік, түсінуге жеңіл қолайлылық және оқытудың психологиялық ерекшелігін ескеру ұстанымдарын орынды қолдануға тікелей қатысты екенін тұжырымдалып, оқулықтарға талдау жасалып, нақты мысалдармен дәйектеліп берілген. Сондай-ақ ұстанымдарға сәйкес тапсырмаларды беруде ескерілетін нақты қағидалар қоса ұсынылылады.Item Open Access БАЛА ТІЛІН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ(СДУ хабаршысы - 2017, 2017) А. Бейсенбай; Қ. МұхамадиАңдатпа. Бала тіліндегі өзгешеліктердің көптігі оның зерттеу нысаны ретіндегі қырын да толықтыра түседі. Себебі баланың өзін қоршаған болмыс бейнесін қалай сомдағанына, игермеген ұғымдарының болуына, болмыс туралы нақты түсінігі болмауына байланысты шындықты тілдегі арнайы қалыптасқан атаумен атамай, баланың тілінде қалыптасқан, өзі ұқсатқан сөздермен алмастыра отырып атауы жиі ұшырасады. Мақалада тілші ғалымдардың бала тілінің шығуы, қалыптасуы, тарихы тағы басқа мәселелерге қатысты пікірлері ескеріле отырып, жалпы тіл білімінің негізгі де маңызды зерттеу жұмысының бірі екендігі баяндалған. Бала тілін зерттеушілердің біразы бала сөздерін, сөйлемдерін жазып алып, олардың ерекшеліктеріне тоқталса, екіншілері бала тілін эксперимент арқылы алып, бала тілін психологиялық, педагогикалық, физиологиялық тұрғыда қарастырып келді. Ал үшінші топтағылар бала тілінің ерекшелігін теориялық жағынан, баланың ойлауын, таным деңгейінің өсуімен байланыстырып когнитивті негізде қарастырды мақалада осы аталған мәселелер кеңінен сөз болады.