3 results
Search Results
Now showing 1 - 3 of 3
Item Open Access Мәңгілік майдан("Таңбалы" баспасы, 2014) ЫСҚАҚҰЛЫ Д.Монографияда жаһандану кезіндегі қоғамда жүріп жатқан тілдік кұбылыстар әлеуметтік, филологиялық тұрғыдан талданылып, әлемнің тілдік бейнесі, түркі тілдерінің, оның ішіндегі қазақ тілінің тағдыр-талайы, жүріп өткен жолдары мен бүгінгі күнгі жай-күйі, болашағы ғылыми түрғыдан жан-жақты сараланады. Түркі халықтарының ортақ әліпбиі, тілі, рухани құндылықтары сияқты мәселелер кеңінен сөз болады. Кітап өз ұлтының болашақ тағдырына бейтарап қарай алмайтын ұлтжанды зиялыларға, ғалымдарға, бакалаврлар мен магистранттарға, докторанттарға, жалпы қалың оқырман қауымға арналған.Item Open Access Түркілік ортақ термин негіздері("Таңбалы" баспасы, 2014) ЫСҚАҚҰЛЫ Д.Тілдің дамуы дегеніміз, қоғамның дамуымен бірге оның түрлі салаларында күн сайын туындап жатқан жаңа түсініктерге, ұғымдарға байланысты жаңа сөздердің пай- да болып, халықтың қолданысына айналуы деген сөз. Ғалымдардың анықтауынша, қазір өмір сүріп жатқан тілдердің шамамен, елу пайыздайын сырттан енген сөздер құрайды. Жаһандану үдерісі барынша қарқын алған қазіргі дəуірдегі тіл тіршілігінде термин мəселесін дұрыс шешудің оның болашағы үшін маңызы аса зор. Сол себепті де қазір күн тəртібіне түркі тілдеріне ортақ тер- миндер жасау күн тəртібіне қойылып отыр. Кітапта қазақ терминологиясының тəжірибелеріне сүйене отырып, түркі тілдеріне ортақ терминдер жасаудың теориялық, практикалық проблемалары кеңінен қарастырылады. Кітап тілші ғалымдарға, бакалаврлар мен магистранттарға, докторанттарға, жалпы өз ұлтының, түркі əлемінің тілдік болашағына қызығушы зиялыларға, жалпы оқырман қауымға арналған.Item Open Access Əдеби сын тарихы("Таңбалы" баспасы, 2011) ЫСҚАҚҰЛЫ Д.Қоғамдық өмірдің жеттіге түсуі ондағы сын мен өзара сынның дамуына тікелей қатысты болса, көркем əдебиеттің көркеюі де оның сынымен тығыз байланысты. Қазақ əдеби сынының тарихы есте жоқ ескі замандардағы халықтың рухани қажеттілігінен бастау алып, қоғамның дамуымен бірге дамып, жетіліп, əдебиеттің, оның ғылымының, баспасөздің тоғысқан түйінінде əдеби өмірді зерттеп, оның жетістіктері мен кемшіліктерін саралап, бағалап, оқырманның көркем əдебиетті дұрыс түсінуіне көмектесіп, келе жатқан əдеби-ғылыми-публицистикалық сипаттағы шығармашылықтың, қоғамдық сананың бір саласы ретінде ұзақ жолдардан өтті. «Əдеби сын тарихы» – жоғарғы оқу орындарында жүргізілетін базалық пəннің теориялық əрі іс-тəжірибелік негіздемесі болып табылады. Оқу құралында қазақ əдеби сын өнерінің қалыптасуынан бастап, ХХІ ғасырдағы ұлттық əдеби сын проблемалары толықтай қамтылған. Кітапта баспасөздегі сын жəне əдебиеттің қоғамдық, əлеуметтік, саяси, теориялық мəселелері кеңінен талқыланады. Кітап жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистрлеріне, докторанттарына, əдебиеттанушы ғалымдарға, сондай-ақ əдебиет сүйер көпшілік қауымға арналған.