2 results
Search Results
Now showing 1 - 2 of 2
Item Open Access ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫНЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІНДЕГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕР(СДУ хабаршысы - 2017, 2017) А.О. Атейбек; Х.А. ОрдабековаАңдатпа. Бұл мақалаға қазіргі қазақ жастарының сөйлеу тіліндегі ерекшеліктері мен ауытқулары мәселесі негіз болып отыр. Мақалада қазіргі қазақ жастарының сөйлеу тіліндегі кездесетін ерекшеліктер мен ауытқулардың тілдегі көрінісі айқындала отырып, оған әсер етуші факторлар жайында сөз қозғалады. Сондай-ақ, зерттеу жұмысы барысында жастардың күнделікті коммуникациясы кезінде байқалатын тілдегі грамматикалық ауытқулары мен сөйлеу тілінде көрініс табатын ұлттық стереотиптер мәселесі де сөз болады. Жастардың сөйлеу тілінде туындаған бұл мәселе бүгін тек лингвистика үшін ғана емес, сондай-ақ, басқа да қоғаммен тығыз байланыстағы салалар үшін де өзекті. Себебі, кез келген индивидуум қоғамның бір бөлігі. Ал, қоғамдық өмірде тілдің қатынаспайтын жері болмайтыны белгілі. Қазіргі қазақ жастарының сөйлеу тіліндегі ерекшеліктер мен жаңа қолданыстар тіл біліміндегі ғалымдар назары ауа бастаған өзекті тақырыптардың бірі болып отыр.Item Open Access КАРИКАТУРА — САЯСИ ДИСКУРСТЫҢ БІР ЖАНРЫ РЕТІНДЕ(СДУ хабаршысы - 2017, 2017) А.Ә. Жұмағұл; Х.А. ОрдабековаАңдатпа. Бұл мақалада мәтінге лингвистикада қойылатын талаптар туралы жазылды. Уақыт өте келе мәтінге алғашқы уақыттарда берілген анықтамалар бүгінгі таңдағы мәтін ұғымын жан-жақты ашып бере алмайтындығы сөз етілді. Тіл білімінде мәтінді синтаксистік бірлік, бір ойды білдіретін, логикалық байланысқа құрылған сөйлемдер жиынтығы деп қана тану аясы тар тұжырым. Қазіргі таңда мәтін ақпараттылық, жинақтауыштық, модальдылық, адресаттылық, дискреттілік категориясына сәйкес келу керек. Бұл категориялар қазіргі тіл білімінде мәтін мен дискурсқа қойылатын талаптар іспетті. Осы категорияларға жауап бере алатын креолды мәтіндер болып табылады. Мақалада карикатураны креолды мәтіннің бір түрі ретінде алып, мазмұндық белгісіне сәйкес саяси дискурстың бір жанры болғандықтан, алдымен оның ақпараттылығын қарастырылады. Мақалада қазақ тіл білімінде алғаш рет карикатураны саяси дискурстың жанры ретінде қарастыру мәселесі жазылған.