2 results
Search Results
Now showing 1 - 2 of 2
Item Open Access ЛATЫН ӘЛІПБИІН ҚАБЫЛДАУ - БОЛАШАҚПЕН САНАСУ(СДУ хабаршысы - 2020, 2020) ХА. Ордабекова; А.Д. ТемірбаеваАңдатпа. Аталған мақалада латын әліпбиіне көшудегі мақсат, ұлттық жазуды қалыптастыру, жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері, жазу мәдениетін компьютер техникасы арқылы дамыту қарастырылады. Мақаланың кіріспесінде латын әліпбиінің әлемде кеңінен қолданылуы, қазіргі латын әліпбиіндегі 25 таңба, әлем елдерінің 80-нен астамы латыннегізді әліпбиді пайдаланатындығы туралы ақпарат келтіріледі. Әллемдік тәжірибеге сүйене отырып қазақ тілінің заңдылықтарына сай өз әліпбиімізді латын қарпі негізінде жасау мәселесі көтеріледі. Рухани жаңғыру негізінде қолға алынған қазақ жазуына реформа жасау «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында латын негізді әліпбиді оңтайлы әрі жеңіл қолданысқа енгізу цифрлық технологиялар арқылы жүзеге асыру көзделеді. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаттарының бірі білім беру саласында сандық сауаттылықты меңгерту, білім сапасын арттыру үшін дүниежүзілік тәжірибеден үздік инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану аясында жүзеге асырылатындығы айтылады. Кілт сөздер: жаңа әліпби, латын, цифрлық технология, емле ереже, білім беру.Item Open Access ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ РӨЛІ(СДУ хабаршысы - 2020, 2020) ХА. Ордабекова; А. БекмұқаметАңдатпа. Мақалада қазіргі білім беруде ұлттық құндылықтарды қолдану мен білімалушылардың тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі сөз болады. Жеке тұлғаны дамытудағы мәселелер талданды. Білімалушылардың ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастыру барысында қазақ тілі сабағы мен мектепішілік жүргізілетін іс-шараларға талдау жасалынды. Жалпы педагогтардың өз білімін жетілдіруі мен кәсіби маман болудағы өз тәжірибелеріне ендіруге болатын, тиімділігі бар ұлттық құндылықтарды қалыптастыру әдістеріне шолу жасалды.