5 results
Search Results
Now showing 1 - 5 of 5
Item Open Access САЯСИ ДИСКУРСТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ҚЫЗМЕТІ(СДУ хабаршысы - 2017, 2017) Жұмағұл А.Ә. ; Ордабекова Х.А.Аңдатпа. Бұл мақалада институционалды дискурстың бір тармағы болып табылатын саяси дискурстың құрылымы туралы баяндалды. Саяси дискурстың басқа дискурстың түрлері секілді өзіндік қатысушылары мен құрылымы, мазмұны, мақсаты жəне қоғамда атқаратын қызметі болатыны негізге алынды. Басқа дискурс түрлерінен айырмашылығы ретінде оның қоғамның бүкіл саласына, алуан түрлі əлеуметтік институттарды қамтитындығы түсіндірілген. Институционалды дискурстың бір тармағы ретінде мемлекеттің өз ішінде жəне халықаралық саяси аренада мүддесін қорғауда саяси дискурс басқа дискурс түрлерінен өте жоғары тұратынын атап өтілді. Дискурстың саясаттағы формасы, мазмұны жəне əлеуметтік-саяси контексті оның қатысушылары арқылы анықталатындығы мен мамандар тарапынан ұысынылып жүрген саяси шешімнің қабылдануына əсер ететін негізгі 3 деңгейдің қызметін сараланды. Саяси дискурстың атқаратын он төрт қызметіне жеке-жеке анықтама берілді.Item Open Access ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ЯКУТ ТІЛДЕРІНІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ЛЕКСИКАЛЫҚ ЖӘНЕ СӨЗЖАСАМДЫҚ ЖҮЙЕСІ(Suleyman Demirel University, 2016) Ордабекова Х.А.Бұл мақалада қазақ тілі жүйесі якут тілінінің жүйесінің лексикалық және лексикалық-семантикалық жағынан қарастырылады. Бұл салыстырмалы зерттеуде қазақ және якут тілдерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талдап, сондай-ақ олар тұжырымдаған фактілер табамыз. Якут тіліне орыс тілді кірме элементтер сөйлеу тілінің ауызекі жəне жазбаша формасы арқылы енген. Ауызекі сөйлеу тілі арқылы енуі Якутиядағы жергілікті орыс халқы арқылы жүргізілсе, жазбаша формасы бұқаралық ақпарат құралдары, білім жəне ғылым жүйесі арқылы еніп жатыр. Осы жазбаша формасы арқылы еніп отырған орыс тілді кірме элементтер дыбысталуы, жазылуы жағынан орыс тілді нұсқасын сақтап қалған.Item Open Access Тіл біліміне кіріспе(Suleyman Demirel University, 2016) Ордабекова Х.А.Оқу құралы студенттерге тіл білімінің нысаны мен оның қарастыратын мәселелері, тілдің таңбалық және құрылымдық-жүйелік аспектілері туралы білім беру, қазіргі әлемдік лингвистикада қалыптасқан жаңа ғылыми бағыттар туралы түсінік қалыптастыруды мақсат етеді. Оқу құралы филология факультетінің студенттеріне арналған.Item Open Access Мемлекеттік тіл порталы(Suleyman Demirel University, 2010) Ордабекова Х.А.Мақалада қазақ тілінің ұлттық құндылық ретіндегі маңызы, оның мемлекеттік тіл мәртебесі және жаһандану кезеңіндегі қызмет аясының кеңеюі жан-жақты талданады. Автор тіл – ұлттың рухы мен мәдени болмысының көрінісі екенін айта отырып, қазақ тілінің ақпараттық технологиялар дәуірінде дамуына ерекше көңіл бөледі. Осы тұрғыда «Мемлекеттік тіл порталының» құрылуы қазақ тілін оқуға, зерттеуге және дамытуға арналған маңызды қадам екені көрсетіледі. Порталдың электрондық сөздіктер, тест жүйелері, терминологиялық база, қазақ тілінің ұлттық корпусы және энциклопедиялық ақпараттар сияқты қызметтері пайдаланушыларға кең қолжетімділік беретінін атап өтеді. Сонымен қатар, үш тұғырлы тіл саясатының мәні түсіндіріліп, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі басымдығын нақты айқындау қажеттілігі ұсынылады. Мақалада тілдерді оқытудағы жүйелілік, ғылыми негіздеме және ұлттық мүддені сақтау мәселелері де қарастырылған.Item Open Access Тіл үйретуде қолданылатын лингвистикалық ойын түрлері(Suleyman Demirel University, 2007) Ордабекова Х.А.Мақалада тіл үйрету процесінде қолданылатын лингвистикалық ойын түрлері мен олардың маңызы қарастырылады. Автор ойын арқылы оқыту технологиясының дидактикалық, дамытушылық және тәрбиелік мақсаттарын ашып көрсетеді. Тілдік ойындардың фонетикалық, орфографиялық, орфоэпиялық, лексикалық, грамматикалық, рөлдік, іскерлік және психо-техникалық түрлері талданып, олардың әрқайсысының тілдік дағдыларды қалыптастырудағы рөлі сипатталады. Мақалада тілдік ойындардың студенттердің шығармашылық қабілетін дамытуға, коммуникативтік құзыреттілігін арттыруға және өз ойын еркін жеткізе білуге ықпал ететіні дәлелденеді. Сонымен қатар автор әртүрлі ойын үлгілері мен әдістемелік тәсілдерді мысал ретінде келтіріп, олардың оқу процесінде тиімді қолдану жолдарын ұсынады.