2 results
Search Results
Now showing 1 - 2 of 2
Item Open Access ТҮР-ТҮС ЭТНОЭЙДЕМДЕРІ (ЭТНОПСИХОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ АСПЕКТ)(Suleyman Demirel University, 2011) Ордабекова ХСоңғы жылдары антропоөзектік әдіс негізінде қалыптаса бастаған психолингвистикалық бағыт, оның ішінде, этнопсихолингвистикада лингвомәдени қауым тезаурусына тән (тіл лексикасын толық қамтитын түсіндірмелі не тақырыптық сөздік) сөз-стимулдарға берілетін сөз- реакциялар, ассоциация, ұғымдық категориялар, дәстүрлі образдар, теңеулер мен мәселелер жан-жақты сөз етілуде. Біз бұл мақалада осы мәселенің бір ғана қырын, яғни қазақ және орыс тілі (мәдениеті) материалдары негізінде түр- түс атауларының ұлттық ментальдық ерекшеліктері мен түр-түстік таңбаларға қатысты этномәдени компоненттердің қалай меңгерілетініне назар аудармақшымыз.Item Open Access Гендерлік стереотиптердің газет тілдеріндегі көрінісі(Suleyman Demirel University, 2009) Ордабекова ХБұл мақалада газет мәтіндерінде көрініс табатын гендерлік стереотиптердің қалыптасуы мен тілдік табиғаты талданады. Гендерлік лингвистика саласының негізгі ұғымдары қарастырылып, ерлер мен әйелдерге қатысты ұлттық санада орныққан тұрақты түсініктердің газет тілінде қалай көрінетіні көрсетіледі. Зерттеу барысында нәзік жандар, ер-азамат, қазақ әйелі, қазақ қызы сияқты қалыптасқан этномәдени бірліктердің қолданысы мысалдар арқылы дәлелденеді. Мақалада әйел бейнесіне байланысты дәстүрлі ұғымдармен қатар, қазіргі әлеуметтік өзгерістердің ықпалына байланысты трансформацияланған гендерлік стереотиптер де талдау нысанына алынады. Газет тіліндегі тілдік құралдар арқылы ұлттық мәдениет, этикет, әлеуметтік рөлдер және гендерлік қатынастардың көріну ерекшеліктері айқындалған.