1 results
Search Results
Now showing 1 - 1 of 1
Item Open Access Күлтегін жазба ескерткішінің орнатылу барысы және оған қатысты тарихи жазба деректер (қытай жазбалары негізінде)(Suleyman Demirel University, 2009) Мұхтархан ОразбайБұл мақалада Күлтегін жазба ескерткішінің орнатылу тарихы мен оның қалыптасу кезеңіне қатысты қытай дереккөздерінде сақталған мәліметтер жүйелі түрде талданады. Зерттеу барысында «Ескі Таң кітабы», «Жаңа Таң кітабы» сияқты қытай жылнамаларындағы деректерге сүйене отырып, ескерткіштің нақты орнатылу уақыты, оның архитектуралық ерекшеліктері мен сол дәуірдегі түрік-қытай дипломатиялық байланыстары арасындағы сабақтастықтар қарастырылды. Қытай жазбаларында Күлтегін батырдың елдік істері ерекше бағаланып, ескерткіштің тұрғызылуына императорлық сарайдың тікелей қатысқаны айтылады. Сонымен қатар, ескерткіштің кейінгі ғасырларда саяси, мәдени және тарихи тұрғыдан қабылдану деңгейі де назарға алынды. Мақаланың негізгі мақсаты – ежелгі түрік өркениетінің маңызды мұраларының бірі болып табылатын Күлтегін ескерткішінің тарихи маңызын ашып, оның шынайы орнатылу барысын жазба деректер негізінде қайта пайымдау.