2 results
Search Results
Now showing 1 - 2 of 2
Item Open Access Қатысым қағидаларының ұлттық көрінісі(Suleyman Demirel University, 2012) Мұхамади Қ.ТҚазақ халқы – сөйлеуге, тіл арқылы ұғынысуға, түсінісуге және сол арқылы тыңдаушысына ықпал етуге ерекше көңіл бөлген, сөз өнерін аса жоғары бағалаған халық. Қазақ тілінің ең басты ерекшелігі де, қасиеті де осында болса керек. Қазақ халқы тіл өнерін «Өнер алды – қызыл тіл» деп өнер атаулының алдына шығаруы да тегін емес. Өйткені қазақ «Тіл – көңілдің айнасы» деп біледі. Халық даналығында да бұл ұғым жиі көрініс табады: «Қызыл тіл – жанның мәйегі, абырой – ердің қуаты», «Көңіл көзін сөз ашар, сөйлемесе кір басар», «Тіл – ақылдың көрінісі, бірліктің кілті», «Тіл – ақылдың өлшемі» – деп ұғады. Қарастырылып отырған «қатысым» сөзі сөздік қордағы «қатыс», «қатысу» сөздерінің негізінде алынған. Қазақ «бір-бірімізбен араласпай қалдық, байланыспай қалдық, арамызда қарым-қатынас үзілді» деген ұғымды білдіргісі келгенде «қатыспай қалдық» дейді. Демек, «қатыс» – біріншіден, қазақтың байырғы сөзі, екіншіден, «байланыс, қатынас» сөзінің баламасы. Ал оған жалғанған «-ым» жұрнағы арқылы жасалған «қатысым» сөзі адамдардың тіл арқылы бір-бірімен түсінісу, пікірлесу, ой алмасу кезіндегі жалпы қойылатын талаптар мен заңдылықтарды білдіреді.Item Open Access Есім антикалық тұлғалардың тілдегі басқа құбылыстардан айырмасы(Suleyman Demirel University, 2011) Мұхамади Қ.ТМақалада есім аналитикалық тұлғаларының табиғаты мен олардың тілдегі өзге құбылыстардан айырмашылықтары жан-жақты талданады. Автор есім аналитикалық тұлғаларының сөз тіркестерімен, күрделі зат есімдермен және етістіктің аналитикалық тұлғаларымен салыстырмалы сипаттамасын ұсынады. Бұл салыстыру арқылы есім аналитикалық тұлғаларының морфологиялық сипаты, құрылымдық ерекшелігі мен грамматикалық қызметі айқындалады. Сонымен қатар, зерттеуде К. Аханов, Б. Қасым, И. А. Селицкая, Н. Оралбай сынды ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, есім аналитизмінің грамматикалық жүйедегі орны мен оның күрделі сөздер мен сөз тіркестерінен өзгешелігі дәлелденеді. Есім аналитикалық тұлғаларының негізгі белгісі — толық мағыналы сөз бен көмекші сөздің тіркесуінен жаңа грамматикалық мағына тудыруы екені анықталады.