1 results
Search Results
Now showing 1 - 1 of 1
Item Open Access Жазба тіл мен ауызша тілдің өзара кодталу сатылары(Suleyman Demirel University, 2008) Күдеринова Қ.Б.Мақалада жазба тіл мен ауызша тілдің екі түрлі код жүйесі ретінде өзара байланысы қарастырылады. Қазақ тілінде жазба тіл мен ауызша тіл арасындағы шекара толық ажыратылмаған, бұл оқыту мен коммуникацияда қиындықтар тудырады. Автор екі тілдің құрылымын — жазылым мен оқылым, айтылым мен естілім құрағы ретінде қарастырып, олардың параллель жүйелер екенін көрсетеді. Жазба тілдің графикасы мен орфографиясы, ауызша тілдің дыбыстық және интонациялық ерекшеліктері бір-біріне толық сәйкес келмейді. Кодтау және қайта кодтау процесі арқылы ой мен түсінікті сыртқа шығару мүмкіндігі шектеулі, сондықтан жазуды меңгеру тек әріптерді тану емес, ауызша сөйлеу мәнерін жазба мәтінге лайық бейімдеу арқылы жүзеге асады. Мақала тілдік сана мен коммуникацияның күрделі табиғатын зерттеуге арналған.