3 results
Search Results
Now showing 1 - 3 of 3
Item Open Access ҮШ ОБЬЕКТІНІҢ ҚОЗҒАЛЫСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ КҮРДЕЛІ МӘТІНДІ ЕСЕПТЕР(СДУ хабаршысы - 2020, 2020) Ж.Т. ҚайыңбаевАңдатпа. Мақалада, математика пәнін оқыту барысында маңызды роль атқаратын жалпы есеп мәселесі және оның ішінде мәтінді есептердің ең көп кездесетін түрі қозғалысқа байланысты есептер жайлы ой қозғалған. Жалпы, қозғалысқа байланысты есептердің көп бөлігі екі обьектінің бір бағыттағы немесе қарама қарсы бағыттағы қозғалысы жайлы болады. Ал, бұл мақалада қозғалысқа байланысты есептердің одан күрделі түрі біріншіден, үш обьектінің, екіншіден бір бағыттағы және қарама қарсы бағыттағы қозғалысының компоненттерін есептеудің тәсілдері туралы мәселе көтерілген. Мақала, бүгінгі және болашақ математика пәндері мұғалімдеріне арналған.Item Open Access ҮШБҰРЫШТЫҢ БИССЕКТРИСАСЫ, МЕДИАНАСЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІН ПАЙДАЛАНЫП КҮРДЕЛІ ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІҢ ШЕШУ ТӘСІЛДЕРІ(СДУ хабаршысы - 2021, 2021) Ж.Т. Қайыңбаев; Т.С. МанатАңдатпа. Жалпы геометриялық есептердің жартысы үшбұрыштарға байланысты болып келеді. Ал, сол есептердің тағы да жартысы үшбұрыштардың биссектрисасы және медианаларына байланысты болып келеді. Осы проценттердің өзі, болашақ мектеп математика пәні мұғалімдерін дайындау барысында үшбұрыштардың биссектрисасы, медианасы және олардың қасиеттері жайлы есептерге көп көңіл бөлу қажеттіліктерін білдіреді. Мақала, осындай маңызды мәселеге арналған. Мақалада үшбұрыштардың биссектрисалары мен медианаларының әр түрлі комбинациялары негізінде шығарылатын әр түрлі мағынадағы есептерді шығару тәсілдері қарастырылған. Мақала, бүгінгі және болашақ математика пәндері мұғалімдеріне арналған.Item Open Access ТЕҢ БҮЙІРЛІ ЖӘНЕ TIK БҰРЫШТЫ ҮШБҰРЫШТАРҒА ІШТЕЙ ЖӘНЕ СЫРТТАЙ СЫЗЫЛҒАН ШЕҢБЕРЛЕРГЕ БАЙЛАНЫСТЫ КҮРДЕЛІ ЕСЕПТЕРДІ ШЕШУ ТӘСІЛДЕРІ(СДУ хабаршысы - 2021, 2021) Ж.Т. Қайыңбаев; Қ. ҮдербаеваАңдатпа. Жалпы геометриялық есептердің жартысы үшбұрыштарға байланысты болып келеді. Ал, сол есептер негізінен үш топқа бөлініп қарастырылады. Біріншісі, жалпы үшбұрыштарға байланысты есептер. Екіншісі, теңбүйірлі үшбұрыштарға байланысты есептер және үшіншісі тікбұрышты үшбұрыштарға байланысты есептер. Мақалада тең бүйірлі және тік бұрышты үшбұрыштардың биссектрисалары мен медианаларының әр түрлі комбинациялары негізінде шығарылатын әр түрлі мағынадағы күрделі есептерді шығару тәсілдері қарастырылған. Мақала. бүгінгі және болашақ математика пәндері мұғалімдеріне арналған.