4 results
Search Results
Now showing 1 - 4 of 4
Item Open Access ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ КҮРДЕЛІ МӘТІНДІ ЕСЕПТЕРДІ ШЕШУ ТӘСІЛДЕРІ(СДУ хабаршысы - 2021, 2021) Ж.Т. Қайыңбаев; А. СағатАңдатпа. Мақала, математикалық ойлау және оның манңызы, сол сияқты мәтінді есептерді шешу негізінде білім алушыларда математикалық ойлау қалыптастыру мәселесі көтерілген. Математикалық ойлау - жиырма бірінші ғасырдағы адамның маңызды дағдыларының бірі болуға тиісті. Ал, адамның математикалық ойлау дағдысын қалыптастыратын жер, жалпы білім беретін орта мектеп. Себебі, жоғары оқу орнында мектеп түлектерінің біріншіден, барлығы білім алуларын жалғастырмайды, екіншіден, тіпті мектеп түлегі жоғары оқу орнына түскеннің өзінде онда математика болуы да мүмкін, болмауы да мүмкін. Ал, жалпы білім беретін орта мектепте математикалық ойлауды қалыптастырудың негізі жалпы есеп шығару және оның ішінде әсіресе мәтінді есептерді шығару деп ойлаймыз. Мәтінді есепті шешу, «Практика - теория - практика» жүйесі бойынша жүреді.Item Open Access ӘР ТҮРЛІ ҚОЗҒАЛЫСҚА БАЙЛАНЫСТЫ КҮРДЕЛІ ЕСЕПТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ТӘСІЛДЕРІ(СДУ хабаршысы - 2022, 2022) Ж.Т. Қайыңбаев; Э.Т. АмантаеваАнңдатпа. Математикалық пәндерді оқыту барысында маңызды роль атқаратын мәселелердің бірі есеп және оның ішінде қозғалысқа байланысты есептер. Өмірдегі қозғалыстардың түрі өте көп. Бір түзу бойымен бір бағытта болатын немесе қарама қарсы бағытта болатын қозғалыстар, бір нүктеден басталатын немесе әр түрлі нүктеден басталатын қозғалыстар, әр бағытта болатын қозғалыстар, шеңбер бойымен бір бағытта немесе қарама қарсы бағытта болатын қозғалыстар, осы жағдайлардағы бір нүктеден немесе әр түрлі нүктеден басталатын қозғалыстар және т.б. Бір обьектінің немесе екі, үш және одан да көп обьектінің қозғалыстары. Мақалада, осындай қозғалыс түрлерінің математикалық моделдері сарапталады.Item Open Access ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ ТРИГОНОМЕТРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН ШЕШУ ТӘСІЛДЕРІ(СДУ хабаршысы - 2021, 2021) Ж.Т. Қайыңбаев; A.C. ҒалымжанАңдатпа. Мақала, математика пәнін оқыту барысында маңызды роль атқаратын тригонометрия мәселесіне арналған. Жалпы тригонометрия тригонометриялық функциялар мен олардың геометрияда қолданылуын зерттейтін математиканың саласы деп анықталады. Әрине, тарих қойнауына көз жүгірсек, алғашында, күн сағаттарына байланысты пайда болған тригонометрия бұл күнде геометрия мен архитектурада, физика мен астрономияда, география мен геодезияда,ықтималдықтар теориясы мен қаржы базарын да және т. б жерлерде кең қолданылады. Дейтұрғанмен, базалық тригонометриялық мәселелердің ен басты қолданылатын жері ол қалай болғанда да геометрия. Сондықтан болашақта математикалық пәндердің мазмұнымен, бағдарламаларымен, оқу құралдарымен айналысып отырған ғалымдарға, әдіскерлерге тригонометрияны қайсы пәннің мазмұнында қарастыру керек екендігін авторлар мысалдардың көмегімен көрсетуге тырысады. Мақала, математиканы оқыту әдістемесі саласының ғалымдарына, әдіскерлеріне сол сияқты, бүгінгі және болашақ математика пәндері мұғалімдеріне арналған.Item Open Access МЕНЕЛАЙ ТЕОРЕМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ(СДУ хабаршысы - 2021, 2021) Ж.Т. Қайыңбаев; Д. ТөлбасыАңдатпа. Үшбұрыштарға байланысты көптеген есептерді, acipece күрделі есептерді шешу барысында, үшбұрыш қабырғаларын ары қарай созу және ол созындыны үшбұрыштың басқа элементтерімен байланыстыру мәселесі туындайды. Осындай жағдайлардағы есептерді шешу үшін қолданылатын маңызды теоремалардың бірі Менелай теоремасы болып табылады. Менелай теоремасының көмегімен үшбұрыштарға байланысы, тіпті кейде төртбұрыштарға да байланысты күрделі есептерді қысқа жолмен шешуге болады. Мақалада осындай жағдайлар әр түрлі нұсқада қарастырылған. Мақала, бүгінгі және болашақ математика пәндері мұғалімдеріне арналған.