1 results
Search Results
Now showing 1 - 1 of 1
Item Open Access Ұлықбек Есдәулетовтың поэзиядағы ұлттық мінез(Suleyman Demirel University, 2011) Жанайхан БӘдеби, көркем туындылардың мазмұндық ерекшелігін айқындайтын бірден-бір элемент - ұлттық мінез екені белгілі. Ұлтгық мінезді жеке дара алып қарастырсақ, оның тарихи категория екендігін ескеруіміз керек. Ол қоғамдық, рухани, экономикалық және саяси жағдайларға сәйкес қалыптасады. Дүниені ұлттық түсінікпен қабылдау жолы қай адамға болсын тән қасиет. Өнерде, әдебиетте адам бейнесінен бұл қасиет толық көрініп отырады. Әр халықтың эпикалық туындыларын олардың талай замандар ұлт болып қалыптасуынан бөліп қарауға болмайды. Сондықтан шығармада ұлттық мінез жасау үшін оның Дүниетанымын, психологиясын, әдет-ғұрыптарын т.б. қасиеттерін білу керек.