Search Results

Now showing 1 - 3 of 3
  • ItemOpen Access
    МЕТАФОРА МЕН МЕТОНИМИЯНЫҢ ӘДЕБИЕТТАНУШЫ ҒАЛЫМДАРДЫҢ ЕҢБЕГІНДЕГІ ЗЕРТТЕЛУІ
    (СДУ хабаршысы - 2020, 2020) Б. Хасен; Ә.Ғ. Даниял
    Аңдатпа. Мақалада метафора және метонимия ұғымдары енгізілген, сонымен қатар әдебиеттанушы ғалымдардың зерттеуіне жанжақты талдау жасалынған, біз оқуды жеңілдету үшін Ахмет Байтұрсыновтың нұсқаларын қолдану дұрыс болады деген ойды зерттеу арқылы жеткізгіміз келеді.
  • ItemOpen Access
    ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ - ИНТЕЛЕКТУАЛДЫ ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗДЫ АЛҒЫ ШАРТЫ
    (СДУ хабаршысы - 2020, 2020) Б. Хасен; T. Базарқұл
    Аңдатпа. Мақаладада PISA және TIMSS зерттеулеріне сүйене отырып, Қазақстандағы орта білім беру жүйесіндегі функционалдық сауаттылықтың даму деңгейіне талдау жасалған. Функционалдық сауаттылық ұғымын ашып, оның түрлеріне тоқталған. Функционалдық сауаттылықпен байланысты құзыреттерайтылып, функционалдық оқу ұғымының ерекшелігін көрсеткен. Функционалдық оқу дағдыларын өз бойына қалыптастырған оқушыға тән сипаттар жинақталып берілген. Функционалдық оқу дағдыларының оқу сауаттылығына әсері талданған. Сауаттылықты қалыптастырудың әлемдік тәжірибелерін тілге тиек ете отырып, Қазақстан орта білім беру жүйесіндегі оқу сауаттылығын қалыптастыруың өзекті мәселелері атап көрсетілген. Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқитын мектептерде мемлекеттіктілді үйрету сапасын көтерудің басты шарты оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру деп танылған. Оны бірнеше ұстанымға негіздеп, нақты тұжырымдар ұсынылған.
  • ItemOpen Access
    ОЛИМПИАДАҒА САПАЛЫ ДАЙЫНДАУ - ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗИЯТКЕРЛІК ӘЛЕУЕТІН ҚОЛДАУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ
    (СДУ хабаршысы - 2020, 2020) Б. Хасен; А. Далабай
    Аңдатпа. Мақалада Қазақстанда тұрақты түрде өткізілетін пән олимпиадаларының міндеттері айтылған. Республикамызда ұйымдастырылып жүрген түрлі олимпиадаларға талдау жасалып, ерекшеліктері сөз етілген. Дарынды оқушылармен жұмыс жасаудағы жүйесіздік, нақты бағдарламалардың жоқтығы ескертілген. Пән олимпиадаларының өтілу сапасын қадағалап, қорытынды нәтижесін сараптайтын арнайы ұйымдардың болмауы да олимпиада сапасына кері әсер ететінін көрсеткен. Қатардағы мектептердегі талантты жастардың, әсіресе, мүмкіндігі шектеулі балалардың олимпиада кезінде ескерусіз қалатыны жазылған. Кейбір мектептердің олимпиадаға дайындаудағы озық тәжірибелерін тілге тиек ете отырып, Қазақстан орта білім беру жүйесіндегі олимпадалық резервті дайындаудың өзекті мәселелерін атап көрсеткен.