Search Results

Now showing 1 - 3 of 3
  • ItemOpen Access
    ЕЛБАСЫНЫҢ "НҰРЛЫ ЖОЛ" БАҒДАРЛАМАСЫ МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ШУАҚТЫ БОЛАШАҒЫ
    (Suleyman Demirel University, 2015) Ағдарбеков Т.А.
    Мақалада мемлекеттігіміздің дамуындағы маңыздылығы жоғары, тарихи кезеңдерге тоқталып жеткен жетістіктерімізге көңіл аударылады. Сол жылдары тұрақты сабақтастық институтының құрылғандығы көрсетіледі. Қазақстанның әлем экономикасының бір бөлігі және сол геосаяси қысымның эпицентріне жақын ел ретінде, осы үрдістің теріс ықпалынан қорғау мақсатында жасалған Елбасының "Нұрлы жол"- Жаңа Экономикалық Саясаттың негізгі мазмұны баяндалалады.
  • ItemOpen Access
    ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ - МЕМЛЕКЕТТІГІМІЗДІҢ АЛҒАШҚЫ НЫСАНЫ
    (Suleyman Demirel University, 2014) Ағдарбеков Т.А.
    Мақалада бүгінгі Қазақстан Республикасы аталатын тәуелсіз мемлекетіміз - XV ғасырдағы Қазақ хандығының тарихи жалғасы екендігі баяндалады.Қазақ мемлекеттілігінің тарихы Керей мен Жәнібектің 1465 жылы алғашқы хандық құрған кезден басталады.Қазақ хандығының дербес шаңырағын көтергеніне, ел байрағын желбіреткеніне 2015 жылы 550 жыл толады.
  • ItemOpen Access
    Н.А.НАЗАРБАЕВТЫҢ МЕМЛЕКЕТТІГІМІЗДІҢ ДАМУЫНА ТІКЕЛЕЙ ЫҚПАЛ ЕТКЕН ОҚИҒАЛАРДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ ПІКІРЛЕРІ
    (Suleyman Demirel University, 2016) Ағдарбеков Т.А.
    Мақалада қазақ мемлекеттілігінің дамуына тікелей ықпал еткен оқиғаларға мән беріледі. Оған Түрік Қағанатының пайда болып, түрік тектес халықтарды біріктіруі, рухани ілім жүйесін үйретуші Қожа Ахмет Иассауидің рөлі, Ұлы дала құқығын талқылаушы, әрі оның нормаларын қоғам дамуының өзгеруіне сай қолданушы Майқы бидің еңбегі, ХІІ – ХIV ғасырдағы Қазақ Хандығының құрылуы, үш жүздің Ұлы билері Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің Тәуке ханның қолдауымен қазақ халқының әдет-ғұрып құқықтық жинағы «Жеті жарғы» кодексін қабылдауы және қазақтың ұлттық рухын жасампаздықта көрсетушілер – Шоқан мен Абайдың дүниеге келуі, Шоқанның Абылай ханның ұрпағы ретінде, зоастризмді, шаманизмді мұсылмандықты зерттегендігі жатқызылады. Мақала соңында, қазіргі кездегі егеменді мемлекетіміздің дамуына тікелей әсер ететін Н.А.Назарбаевтың 25 қаңтардағы Конституциялық реформаның маңыздылығы баяндалады.