2 results
Search Results
Now showing 1 - 2 of 2
Item Open Access С. Мұратбековтің "Күсен-Күсеке" әңгімесінің орыс тіліне аударылуы(Suleyman Demirel University, 2009) Адаева ЕрмекБұл мақалада С. Мұратбековтің "Күсен-Күсеке" әңгімесінің орыс тіліне аударылу мәселесі қарастырылады. Шығармадағы басты кейіпкерлердің мінез-құлқы, тіл ерекшелігі мен ұлттық колоритінің аудармада қаншалықты сақталғаны зерттеледі. Г. Садовников аудармасында түпнұсқаның негізгі мазмұны мен авторлық стильдің көбін жеткізе алғанымен, кейбір репликалар мен сипаттамаларда қосымша сөздер енгізілгені, кейіпкерлердің сөз мәнері мен эмоциялық реңкі толық берілмегені байқалады. Мақалада түпнұсқа мен аударма арасындағы диалогтар мен баяндау ерекшеліктері салыстырмалы түрде талданады. Сонымен қатар, шығарманың көркемдік және мәдени ерекшеліктерін аудармада сақтау маңыздылығы, ұлттық сөздердің аударылуы мен көркем ойды жеткізу мәселесі талқыланады.Item Open Access М.Мақатаев өлеңдерінің орыс тіліне аударылу ерекшеліктері(Suleyman Demirel University, 2007) Адаева ЕрмекБұл мақалада қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Мұқағали Мақатаев шығармаларының орыс тіліне аударылу мәселелері сөз етіледі. Ақынның лирикасы терең сезім мен ұлттық рухқа толы болғандықтан, оны басқа тілге дәл әрі көркем жеткізу ерекше шеберлікті талап етеді. Мақалада М.Мақатаевтың бірқатар өлеңдерінің аударма нұсқалары талданып, түпнұсқа мен аударма арасындағы сәйкестіктер мен айырмашылықтарға назар аударылады. Әсіресе М.Курганцев, Ю.Александрова және О.Жанайдаров жасаған аудармалар салыстырылып, олардың лексикалық, стилистикалық және поэтикалық ерекшеліктері қарастырылады. Зерттеу нәтижесінде аудармашының ақын рухын, интонациясын, образдылығын сезінуі мен жеткізе білуі аударманың сапасына шешуші әсер ететіні анықталады. Мақала қазақ аударматануында Мақатаев поэзиясының орнын айқындауға және оны өзге тілде дұрыс танытудың маңызын көрсетуге бағытталған.