2 results
Search Results
Now showing 1 - 2 of 2
Item Open Access Орыс символизмі және М. Жұмабаев(Suleyman Demirel University, 2008) Абиыр АБұл мақалада еуропалық және орыс символизмінің қалыптасу ерекшеліктері мен негізгі эстетикалық ұстанымдары қарастырылып, олардың Мағжан Жұмабаев поэзиясына тигізген ықпалы талданады. Символизмнің XIX ғасыр соңында Францияда бастау алып, кейін бүкіл Еуропаға тарағаны, ал Ресейде В. Соловьев, Д. Мережковский, В. Брюсов, А. Блок, К. Бальмонт шығармашылықтарымен өркендегені атап өтеді. Символистердің басты тақырыптары – өлім, мәңгілік, тылсым, жаңа рухани кеңістік пен сұлулықты іздеу екені көрсетіледі. Мақалада Мағжан Жұмабаевтың Мәскеуде оқуы, орыс символистерімен шығармашылық байланысы оның поэзиясында жаңа рәміздік ойлау жүйесінің қалыптасуына әсер еткені талданады. Мағжанның «Күн», «От», «Өлім» секілді символдары Блок пен Бальмонт поэзиясымен үндес екені дәлелденеді. Жұмабаевтың қазақ поэзиясын еуропалық деңгейге көтерген жаңашыл ақын ретіндегі орны айқындалады.Item Open Access М .Райымбекұлы поэзиясындағы поэтикалық тіл(Suleyman Demirel University, 2011) Абиыр АБұл мақалада М. Райымбекұлы поэзиясындағы поэтикалық тілдің табиғаты мен көркемдік ерекшеліктері қарастырылады. Қазақ әдеби тілінің дамуына зор ықпал ететін көркем тілдің маңызы айқындалады. Автор ақын шығармашылығындағы бейнелі сөз қолдану, дерексіз ұғымдарды заттандыру, жандандыру, әсерлеу сияқты көркемдік тәсілдердің қолданысын талдайды. Мақаланың негізгі өзегі – поэтикалық тілдің поэзиядағы рухани және эстетикалық қызметін көрсету. А. Байтұрсынов пен И. Бродскийдің поэтикалық тіл туралы ойларына сүйене отырып, қазіргі қазақ лирикасындағы жаңашылдықтар мен стильдік өзгерістер қарастырылған. М. Райымбекұлы өлеңдерінен алынған мысалдар арқылы ақынның тілдік шеберлігі мен ой тереңдігі айқындалады. Зерттеу нәтижесінде қазіргі қазақ поэзиясында күрделі, көпқабатты поэтикалық тілдің қалыптасып келе жатқаны көрсетіледі.