1 results
Search Results
Now showing 1 - 1 of 1
Item Open Access М .Райымбекұлы поэзиясындағы поэтикалық тіл(Suleyman Demirel University, 2011) Абиыр АБұл мақалада М. Райымбекұлы поэзиясындағы поэтикалық тілдің табиғаты мен көркемдік ерекшеліктері қарастырылады. Қазақ әдеби тілінің дамуына зор ықпал ететін көркем тілдің маңызы айқындалады. Автор ақын шығармашылығындағы бейнелі сөз қолдану, дерексіз ұғымдарды заттандыру, жандандыру, әсерлеу сияқты көркемдік тәсілдердің қолданысын талдайды. Мақаланың негізгі өзегі – поэтикалық тілдің поэзиядағы рухани және эстетикалық қызметін көрсету. А. Байтұрсынов пен И. Бродскийдің поэтикалық тіл туралы ойларына сүйене отырып, қазіргі қазақ лирикасындағы жаңашылдықтар мен стильдік өзгерістер қарастырылған. М. Райымбекұлы өлеңдерінен алынған мысалдар арқылы ақынның тілдік шеберлігі мен ой тереңдігі айқындалады. Зерттеу нәтижесінде қазіргі қазақ поэзиясында күрделі, көпқабатты поэтикалық тілдің қалыптасып келе жатқаны көрсетіледі.