Қазақ тіліндегі толымсыз сөйлемдердің атаулы сөйлемдер және парцелляцияланған құрылымдармен арақатынасы

Loading...
Thumbnail Image

Date

2010

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Suleyman Demirel University

Abstract

Бұл мақалада қазақ тіліндегі толымсыз сөйлемдердің атаулы сөйлемдер және парцелляцияланған сөйлемдермен арақатынасы жан-жақты талданады. Автор коммуникативтік жағдайдан туындайтын синтаксистік үнемділік пен құрылымның ықшамдылығы сөйлемнің қалыпты нормадан тыс түрлерін тудыратынын көрсетеді. Парцелляцияланған сөйлемдердің негізгі ерекшелігі – бүтін синтаксистік құрылымның мағыналық және интонациялық бөлшектенуі, олардың мазмұны мәнмәтінге толық тәуелді болуы. Толымсыз сөйлемдер де құрылымдық жағынан кем болып көрінгенімен, контекст арқылы толық мағына береді. Атаулы сөйлемдер зат, құбылыс атауын предикативті интонация арқылы беруімен ерекшеленеді, олар көбіне бейнелілік және әсерлілік мақсатында қолданылады. Мақалада аталған үш құрылымның ортақ және айырмашылық белгілері сараланып, олардың сөйлеудегі функционалдық жүктемесі анықталады. Зерттеу нәтижесінде сөйлемнің үш түрі де коммуникативтік мақсатқа сай пайда болатын ерекше синтаксистік құрылымдар екені дәлелденеді.

Description

Keywords

толымсыз сөйлем, атаулы сөйлем, синтаксистік құрылым, интонация, коммуникативтік бірлік, қазақ синтаксисі

Citation

Төребекова Қ/ Қазақ тіліндегі толымсыз сөйлемдердің атаулы сөйлемдер және парцелляцияланған құрылымдармен арақатынасы / Suleyman Demirel University/ СДУ хабаршысы, 15(3).