Персоналды даярлау және дамыту жүйесін ұйымдастыру

Abstract

Бұл жобалық жұмыста ұйымдарда оқыту мен персоналды дамыту жүйесін қалыптастырудың теориялық негіздері мен практикалық аспектілері қарастырылған. Жұмыстың негізгі мақсаты-компанияның кәсіби өсуі мен ұзақ мерзімді бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін кадрларды даярлау мен біліктілігін арттырудың тиімді тәсілдерін ұсыну. Зерттеу барысында персоналды дамытудың негізгі тәсілдері мен әдістері: тәлімгерлік, коучинг, тренингтер, тағылымдамалар, корпоративтік университеттер талданды. Қазіргі тенденцияларға – онлайн оқыту, микролернинг, геймификацияға ерекше назар аударылады. Практикалық бөлімде мақсатты, міндеттерді, іске асыру кезеңдерін, жоспар кестесін, бюджетті және тиімділікті бағалау тетіктерін қамтитын "Мұғалім" жобасы ұсынылған. Жоба енгізуде күтілетін нәтижелер: қызметкерлердің біліктілігін арттыру, кадр резервін қалыптастыру, персонал тұрақсыздығын төмендеуі, қызметкерлердің ынтасының өсуі.Жұмыстың практикалық маңыздылығы: кез-келген ұйымға бейімделе алатын оқыту және дамыту жүйесінің әмбебап жобасын жасау болып табылады. Енгізу перспективасы-кадрлық әлеуетті нығайту және бәсекелестік орта жағдайында компанияның тұрақтылығын арттыру.

Description

Keywords

персоналды оқыту, кадрлық резерв, HRM, коучинг, геймификация

Citation

Ахметов Даурен,Жанзақов Жәнібек, Бишал Ақыл, Нүрпеисов Нұрбек, Абдукаримов Бауыржан / Персоналды даярлау және дамыту жүйесін ұйымдастыру / 7М04114 - ЕМВА "Менеджмент " / 2025

Collections