VPN ҚЫЗМЕТІ – ИНТЕРНЕТКЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖӘНЕ ЖЕЛІДЕГІ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ҚҰРАЛЫ

Loading...
Thumbnail Image

Date

2022

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

2022 International Young Scholars' Conference

Abstract

Аңдатпа Деректерді шифрлаудың жаңа технологияларының дамуы және Интернетке анонимді қосылу мүмкіндігі осы технологияларды реттеу қажеттілігі туралы сұрақты тудырады. Осыған байланысты, Интернетке шифрланған анонимді қол жеткізу құралы болып табылатын VPN қызметтерін [1] реттеу мәселесі де назардан тыс қалмайды. Бір жағынан, VPN қызметтерін пайдалануды құқықтық реттеу ақпараттық қауіпсіздік және киберқылмыспен күрес қажеттілігі туралы дәлелдермен негізделеді. Екінші жағынан, бұл саланы реттеудің бұрыс әдістері мен тетіктерін пайдалану азаматтардың Интернетке қол жеткізу және Интернеттегі құқықтарын негізсіз шектеуге әкелуі мүмкін. Мақалада Интернетке қол жеткізу құқығын, желідегі құқықтарды жүзеге асыру құралы ретінде VPN қызметінің орны мен рөлі және оның Қазақстанда қолданылуын реттеу мәселелері қарастырылған. Зерттеу Қазақстан Республикасының аумағында VPN қызметтерін пайдалануды шектеуге бағытталған мемлекеттік шаралар мәселесін де қамтиды.

Description

Keywords

VPN қызметі, интернет, құқық, реттеу, шектеу, қауіпсіздік, цифрлық еркіндік, ақпаратқа қол жеткізу, 2022 International Young Scholars' Conference, №11

Citation

Н. Кахабаева / VPN ҚЫЗМЕТІ – ИНТЕРНЕТКЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖӘНЕ ЖЕЛІДЕГІ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ҚҰРАЛЫ / 2022 International Young Scholars' Conference