Алаш ұранды әдебиет: ұлттық Ренессанс құбылысы
Loading...
Date
2010
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Suleyman Demirel University
Abstract
Бұл мақалада Алаш кезеңіндегі әдебиеттің ұлттық Ренессанс құбылысы ретіндегі мәні жан-жақты талданады. Автор «Алаш» ұғымының тарихи-қоғамдық қуатын, оның ұлттық бірлікті нығайтудағы рөлін айқындай отырып, Алаш қайраткерлерінің әдебиет пен мәдениетті жаңғыртудағы орнына ерекше тоқталады. Мақалада Абайдан бастау алған гуманистік ой-арна ХХ ғасыр басындағы Алаш қаламгерлері арқылы жаңа сапалық деңгейге көтерілгені көрсетіледі. Әлихан, Ахмет, Міржақып, Жүсіпбек, Мағжан, Мұхтар сынды қайраткерлердің ұлт тәуелсіздігі мен адамдық құндылықтарды насихаттаған шығармалары қазақ жазба әдебиетін жанрлық әрі идеялық тұрғыдан байытқан ірі мәдени серпіліс ретінде бағаланады. Автор Алаш қозғалысын қазақтың тұтас ұлттық Жаңғыру дәуірі деп таниды. Сонымен бірге мерзімді басылымдардың, алғашқы драмалық шығармалардың, сын жанрының қалыптасуы жазба әдебиеттің есейгендігін білдіретіні дәлелденеді.
Description
Keywords
Алаш әдебиеті, қазақ жазба әдебиеті, ұлттық жаңғыру, ХХ ғасыр басы, әдеби процесс, қазақ мәдениеті
Citation
Тілешов Ербол / Алаш ұранды әдебиет: ұлттық Ренессанс құбылысы / Suleyman Demirel University/ СДУ хабаршысы, 15(3).