АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫН КОГНИТИВТІ-КОНЦЕПТУАЛДЫ ОҚЫТУ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ
Loading...
Files
Date
2026
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
SDU University
Abstract
Бұл мақалада Абай шығармаларын когнитивті-концептуалды негізде оқытудың теориялық-практикалық тиімділігі қарастырылады. Абай мәтіндерінің көпқабатты танымдық құрылымы, күрделі ұғымдық жүйесі, символдық және семантикалық өрісінің байлығы білімгерден гносеологиялық дайындықты, терең ойлау мен интерпретация дағдыларын талап ететіні анық. Ізденіс барысында Абай шығармаларын дәстүрлі және когнитивтік тәсілдер арқылы талдаудың нәтижелері салыстырылады. Дәстүрлі оқу барысында студенттер «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» өлеңінің мазмұнын жалпы тақырыптық деңгейде ғана меңгерсе, когнитивтік әдіс мәтіндегі тірек сөздерді айқындау, семантикалық өріс құру, модельдеу арқылы мәтіннің ішкі құрылымына терең бойлауға мүмкіндік беретіні көрінеді. Абай шығармаларындағы «жан», «тән», «қызыл» тәрізді концептілердің көпқабатты мәнін түсіну барысында студенттер мәтіндік әлемді реконструкциялап, философиялық және этикалық астарды терең қабылдайды. Мақала нәтижелері когнитивті-концептуалды әдістердің Абай поэзиясының мәнін ашуда, студенттердің аналитикалық, концептуалдық және метатанымдық қабілеттерін дамытуда ерекше тиімді екенін дәлелдейді.
Description
Keywords
когнитивтік талдау, концептуалды оқыту, семантикалық өріс, мәтіннің микроструктурасы
Citation
Жұмақаева Б , Молдасанов Е , Қамбарова Ғ / АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫН КОГНИТИВТІ-КОНЦЕПТУАЛДЫ ОҚЫТУ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ / SDU University / SDU Bulletin: Pedagogy and Teaching Methods 2026/1