ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРІН ҚОРҒАУ ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Loading...
Date
2022
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
2022 International Young Scholars' Conference
Abstract
Аңдатпа Мақалада қазіргі мектеп оқушылары үшін өзекті болып отырған жеке деректерді қорғау дағдысын қалыптастыру мәселелері қарастырылады. Жүргізілген зерттеулердің деректері негізінде интернеттегі жеке ақпаратты абайсызда қолдану нәтижесінде проблемалардың таралуы, сондай-ақ балалар мен ата-аналардың осы мәселеге көзқарасы талқыланады. Бұл ретте оқушылар дербес деректерді ұқыпсыз пайдалану және сақтау қателерін жиі бағаламайды. Сандық білім берудің негізгі құрамдас бөлігі жеке деректердің құпиялылығы мен қорғалуын қамтамасыз ету тек ата-аналардың ғана емес, педагогтердің де цифрлік білімін жоғарылатуды көздейді. Жасөспірімдерді интернетте дербес деректерді қорғау, пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу оқыту ата-аналар мен мектептің басым міндетінің бірі десек, мақалада аталған мәселені шешудің бірнеше жолдары да ұсынылады. Интернетаудитория жыл сайын жасарып келе жатқандықтан және компьютерді бастауыш мектепте балалар оқу құралы ретінде қолдана бастағандықтан, орта сыныптарда да, кіші мектеп оқушылары арасында да интернетті қауіпсіз пайдаланудың негізгі дағдыларын қалыптастыру бойынша жұмыс қажет. Оқушыны жеке деректерін қорғауға үйрету – баланың өз өміріне деген жауапкершілігін арттыратын әрекет ретінде қарау керек. Жалпы білім беретін мекеме оқушылары сандық ортада сенімді әрі нақты жүруі және соған сәйкес әрекет етуі үшін сыни этикалық көзқарасты дамытуы керек.
Description
Keywords
жеке деректер, ақпараттық құпиялылық, балалар мен жасөспрім, интернет, қорғау дағдысы, 2022 International Young Scholars' Conference, №11
Citation
Ә.А. Қанен , С.Н. Идрисов / ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРІН ҚОРҒАУ ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ / 2022 International Young Scholars' Conference