Vol. 1 No. 1 (2025)

Browse

Recent Submissions

Now showing 1 - 5 of 5
  • ItemOpen Access
    Жер ресурстарын ұтымды пайдалануды мемлекеттік бақылау шеңберінде талап қою жұмысы барысында туындайтын құқықтық мәселелер
    (SDU University, 2025) Бейбарс Утегулов
    Мақала аясында жер ресурстарын басқарудың және жер қатынастарының реттелуінің негізгі құралдарының бірі болып табылатын жердi ұтымды пайдалануды мемлекеттiк бақылау барысында туындайтын мәселелер қарастырылады. Жалпы, жердi ұтымды пайдалануды мемлекеттiк бақылауды жауапты уәкілетті орган (әрі қарай –уәкілетті орган) лауазымды тұлғалардың, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы жер заңнамаларының, сонымен бірге азаматтармен жер учаскелерiн пайдалану ережелерiнiң сақталуын қамтамасыз етеді. Уәкілетті органға жер қатынастардағы шығарылған заңсыз шешімдердің, оның ішінде жер учаскелерін сатып алу-сату және жалдау мәмілелерін жарамсыз деп тану туралы талап қоюдың күшін жою туралы сотқа талап қою құқығын беру, атап айтқанда, жерді ұтымды пайдалануды және тиімді қорғауды, топырақтың құнарлылығын, табиғи ортаны жақсарту мен сақтауды қамтамасыз етеді, жер заңнамасының міндеттері мен қағидаттарына жауап береді. Алайда, қазіргі таңда әкімшілік және азаматтық сот органдары жер саласындағы заңсыз шешімдердің күшін жою туралы талап қою өз өндірістерінде соттылықтың дұрыс таңдалмауы уәжімен қайтаруда. Осыған орай, уәкілетті орган өзіне жүктелген міндеттерді толыққанды жүзеге асыра алмай жатыр. Автордың зерттеу жұмысы уәкілетті органның талап қоюы қаралуы тиіс сот нысанын анықтауға бағытталады. Сондай-ақ, уәкілетті органға сотқа талап қою тұрғысынан берілген құзыреттіліктер шеңберінде зерттеу жүргізіледі.
  • ItemOpen Access
    The Fundamental Logic and Potential Value of Applying Restorative Justice to the Prevention and Treatment of School Bullying in China
    (SDU University, 2025) Xuanyu Chen; Feng Han
    Given the frequent occurrence of school bullying cases, the Chinese government has been working to address the prevention and treatment of school bullying in recent years. School bullying infringes on individuals and disrupts peer relationships; hence, this issue aligns with the focus of restorative justice on the process of addressing harm to interpersonal relationships. Restorative justice emphasizes victims’ feelings and rights, encourages “reconciliation,” and aligns with China’s traditional legal culture of “no litigation” and the educational objectives of schools. Currently, the application of restorative justice in addressing school bullying in China is still exploratory, some traditional educational methods already implicitly contain the spirit of restorative justice. The newly released government documents on the governance of school bullying also provide room for the application of restorative justice. The traditional restorative mediation model or meeting model can theoretically be used for different bullying cases, focusing on “truth-telling,” “empowerment,” and “apology and compensation”. In the future, given the expansive possibilities of restorative justice in schools facilitated by traditional campus culture and class teacher authority, bullying prevention and control on campuses can be extended further by reinforcing proactive practices of educational learning and reactive practices of responding to harm and wrongdoing.
  • ItemOpen Access
    Правовое регулированиеавторских прав на произведения, созданные с использованием искусственного интеллекта: проблемы и перспективы
    (SDU University, 2025) Юсупжанов Ильяс
    Статья посвящена правовой защите авторских прав на произведения, создаваемые с использованием искусственного интеллекта (ИИ), и анализирует правовые пробелы, возникающие в связи с этим. В условиях быстрого развития технологий ИИ, которые способны создавать произведения без прямого участия человека, возникает неопределенность в вопросе авторства. Рассматриваются различные подходы к этому вопросу в разных странах, включая Европейский Союз, США и Россию. Статья предлагает возможные решения проблемы, такие как признание ИИ как субъекта интеллектуальной собственности или закрепление прав за людьми, управляющими ИИ-системами. Также акцентируется внимание на необходимости разработки международных стандартов и новых механизмов защиты авторских прав, которые учли бы особенности создания произведений ИИ.
  • ItemOpen Access
    Ақпараттандыру және байланыс саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау және әкімшілік іс жүргізудің ерекшеліктері
    (SDU University, 2025) Камилла Тлеубекова
    Қазіргі таңда ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуына байланысты, ақпараттандыру және байланыс саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау мәселелері мен әкімшілік іс жүргізудің ерекшеліктері, осы саладағы құқықтық реттеудің күрделенуінебайланысты өзекті болып табылады. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің статистикалық деректері, ақпараттандыру және байланыс саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар саны елімізде жыл сайын өсіп келе жатқанын көрсетеді. Бұл заңнамалық база мен әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдерге назар аударуды, құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік іс жүргізудің ерекшеліктерін ескеру тұсында өзекті. Мақаланыңмақсаты-ақпараттандыру және байланыс саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау мен істер бойынша әкімшілік іс жүргізудің ерекшеліктерін зерделеу болып табылады. Мақаланың нәтижесінде ақпараттандыру және байланыс саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтаудың теориялық мәселелері мен әкімшілік іс жүргізудегі уәкілетті органдардың қызметі мәселесі талданып, құқық бұзушылықтар үшін қолданылатын әкімшілік жаза шараларын жетілдіру бойынша ұсыныстар ұсынылған.
  • ItemOpen Access
    Метаверсте тауар белгілерін пайдалану мен қорғаудың жекелеген мәселелері
    (SDU University, 2025) Амина Абдуллаева; Айгуль Касенова; Абай Мағауия
    Мақалада метаверс кеңістігінде тауар белгісін қолдану және қорғау мәселесі қарастырылады. Метаверс–бизнестің, шығармашылықтың және пайдаланушылардың арасында өзара қарым-қатынас орнатудың бірегей мүмкіндіктерін ашатын жаңа виртуалды кеңістік болып табылады. Мақалада метаверс түсінігімен NFT түсінігі қарастырылған, сонымен қатар берілген түсініктер мысалдар арқылы тереңірек түсіндірілген. Мақалада виртуалды кеңістік аясында зияткерлік меншіктің объектілері, оның ішінде тауар белгілерін пайдаланудың ерекшеліктері талданады. Авторлар әртүрлі виртуалды ойын платформаларының (Roblox, Fortnite, SecondLife, т.б.) мысалдары арқылы тауар белгілерінің қолданудан туындайтын тәуекелдер мен бұзушылықтарды қарастырады. Практикалық кейстер мен мысалдар, оның ішінде шетелдік тәжірибе зерделеніп, тауар белгісіне құқықтың бұзылу фактілеріне құқықтық тұрғыдан баға беріледі. Авторлар шынайы әлемдегі және виртуалды әлемдегі тауар белгісі қорғаудың маңызды аспектілеріне тоқталып, NFT арқылы тауарлар мен қызметтерді сату мәселесінің өзекті тұстарын анықтауға тырысады. Виртуалды кеңістікте қолданылатын тауар белгілерін тіркеудің кейбір мәселелері қарастырылады. Тауар белгілерін Тауарлар мен қызметтердің халықаралық жіктемесінің жекелеген сыныптарында тіркеу тиімділігі жөнінде қорытындылар жасалады. Жұмыста зияткерлік меншікке құқықты қорғау тәжірибесін жетілдіру жолдары ұсынылады.