Vol 62 No 1 (2023) SDU Bulletin Social Sciences
Permanent URI for this collection
Browse
Browsing Vol 62 No 1 (2023) SDU Bulletin Social Sciences by Subject "маркетинг"
Now showing 1 - 1 of 1
Results Per Page
Sort Options
Item Open Access ЦИФРЛЫҚ КЕҢІСТІКТЕГІ УНИВЕРСИТЕТТЕРДІҢ БЕДЕЛДІ МЕНЕДЖМЕНТІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БЕДЕЛДІҢ СТУДЕНТТЕРДІҢ ТАҢДАУЫНА ӘСЕРІ(SDU University, 2023) Nigimanova AigerimБеделді басқара білу ұйымның дамуына, соның ішінде университеттерге де әсер ететін маңызды факторлардың бірі болып табылады. Дегенмен, бүгінгі таңда, цифрлық әлем қарқынды түрде кеңейіп, оң беделді қалыптастыруда негізгі орынды дерлік ала бастаған кезде, интернет кеңістігінде имиджді сақтауға айтарлықтай мән беру қажет. Сондықтан, бұл мақаланың мақсаты - болашақ студенттердің қызығушылықтары мен қалауларын ескере отырып, университеттің цифрлық ортада өзінің беделін қалай сақтау керектігін зерттеу. Өйткені жоғары білім беру ортасында бәсекелестіктің артуы жағдайында қолайлы имиджді қалыптастыру және үздік студенттерді қабылдау үшін маркетингтік стратегияны нақты құру қажет. Зерттеу көрсеткендей, болашақ студенттердің 55% интернетте күн сайын 5 сағатқа жуық уақытын өткізеді. Олар әлеуметтік желілерде, атап айтқанда Instagram, TikTok-та көбірек уақыт өткізеді және ақпаратты сол көздер арқылы алуды қалайды. Сондай-ақ, негізінен 11-сынып оқушылары жоғары оқу орындарын таңдамас бұрын осы сайттарға кіріп, қорытынды жасайтыны анықталды. Университеттің зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, олардың қызметінің көптеген аспектілеріне әлеуметтік желілерді енгізу және дамыту, сонымен қатар олардың веб-сайттарын жақсарту және жеңілдету қажет.