SDU University Bulletin: Social Sciences
Permanent URI for this community
Browse
Browsing SDU University Bulletin: Social Sciences by Subject "цифрландыру"
Now showing 1 - 1 of 1
Results Per Page
Sort Options
Item Open Access Жерге жеке меншік құқығын табыстау процесін цифрландыру кезіндегі тəуекелдер(SDU University, 2023) Ерланқызы Диана«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы республика экономикасын дамытуға және алдыңғы қатарлы геоақпараттық технологияларды пайдалана отырып, барлық қызметтерді цифрлық форматқа көшіруге және статистикалық деректермен жұмыс істеудің жаңа моделін құруға, біртұтас ақпараттық кеңістікті, сондай-ақ деректердің жаңа сапасын қамтамасыз етуге бағытталған. Цифрландыруға көшу барысында бұл бағыттағы шетелдік тәжірибелер диссертациялық жұмысымда зерделенді. Цифрлы платформа статистикалық ақпаратты жинауға, сақтауға, өңдеуге және тарату процестерін үздіксіз автоматтандыруды қамтамасыз ететін ұлттық деректерді басқару жүйесінің элементтерінің біріде бірегейі болары сөзсіз. Платформаны құру есептілікті азайтуға көмектеседі. Сонымен қатар, бұл осындай ақпаратты тарату көлемін арттыруға, пайдаланушылардың осы деректерді алу қызметтерінің қолжетімділігі мен ыңғайлылығына ықпал етеді. Жер ресурстарын басқарудың тиімділігін, ашықтығын және есептілігін арттыратын бірнеше пайдалы және ауқымды процестерді дамытуға әкеледі. Бұл үдерістер азаматтардың мүмкіндіктерін кеңейтіп, экономикалық өсуді жеңілдетіп, жерді басқаруды цифрландыруды тұрақты дамудың маңызды құралына айналдырады.