2. Theses and Dissertations
Permanent URI for this community
Browse
Browsing 2. Theses and Dissertations by Subject "бала көрінісі мен репрезентациясы"
Now showing 1 - 1 of 1
Results Per Page
Sort Options
Item Open Access БАЛА ҚҰҚЫҒЫ ЖӘНЕ БАҚ — ҚАЗАҚСТАН МЕДИАСЫНДАҒЫ БАЛА ОБРАЗЫ РЕПРЕЗЕНТАЦИЯСЫНЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ: TENGRINEWS, AZATTYQ ПОРТАЛДАРЫ ЖӘНЕ КТК ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ МЫСАЛЫНДА(SDU University, 2023) Жубандыков КуанышбекБала жайлы ақпарат таратқанда жағымсыз көңіл күй жағымдыдан әлдеқайда көп ұсынылады. Зерттеу жұмысы масс медиа өнім дайындау барысында бала құқығы мәселесіне қаншалықты жіті назар аударылғанын және осы бір мәселенің жауапкершілігін зерделейді. Себебі бала құқығының бұзылуына тек қана құқықтық нормалардың аяқасты етілуі ғана емес, олардың жағымсыз образдарда беріліп, медиадағы бала көрінісі мен репрезентациясының таптаурындар және де стереотиптер шырмауынан шыға алмай қалғандығы да жататынын айтуға болады. Ал Қазақстан медиасында осы бір мәселе қандай деңгейде және де бала образы көрінісінің қандай проблемалары бар? Жалпы еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдары және де масс медиа зерттеулері үшін бала мен бала құқығы тақырыбы шикі зерттелген тақырыптардың қатарында. Қазақстан бұқаралық ақпарат құралдарындағы бала образының көрінісі мен репрезентациясы қандай? Бала образын ұсынуда қандай құқықтық аспектілерге назар аудару қажет? Ғылыми жұмыс осы сұрақтарға жауап беріп, Қазақстан медиасы призмасынан бала көрінісі мен репрезентациясына және де оның әсеріне анализ жасау арқылы осы тақырыпта жасалған зерттеулер мен еңбектер санының артуына үлес қосады.