SDU Law Journal
Permanent URI for this community
Browse
Browsing SDU Law Journal by Author "Камилла Тлеубекова"
Now showing 1 - 1 of 1
Results Per Page
Sort Options
Item Open Access Ақпараттандыру және байланыс саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау және әкімшілік іс жүргізудің ерекшеліктері(SDU University, 2025) Камилла ТлеубековаҚазіргі таңда ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуына байланысты, ақпараттандыру және байланыс саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау мәселелері мен әкімшілік іс жүргізудің ерекшеліктері, осы саладағы құқықтық реттеудің күрделенуінебайланысты өзекті болып табылады. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің статистикалық деректері, ақпараттандыру және байланыс саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар саны елімізде жыл сайын өсіп келе жатқанын көрсетеді. Бұл заңнамалық база мен әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдерге назар аударуды, құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік іс жүргізудің ерекшеліктерін ескеру тұсында өзекті. Мақаланыңмақсаты-ақпараттандыру және байланыс саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау мен істер бойынша әкімшілік іс жүргізудің ерекшеліктерін зерделеу болып табылады. Мақаланың нәтижесінде ақпараттандыру және байланыс саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтаудың теориялық мәселелері мен әкімшілік іс жүргізудегі уәкілетті органдардың қызметі мәселесі талданып, құқық бұзушылықтар үшін қолданылатын әкімшілік жаза шараларын жетілдіру бойынша ұсыныстар ұсынылған.