SDU Law Journal
Permanent URI for this community
Browse
Browsing SDU Law Journal by Author "Амина Абдуллаева"
Now showing 1 - 1 of 1
Results Per Page
Sort Options
Item Open Access Метаверсте тауар белгілерін пайдалану мен қорғаудың жекелеген мәселелері(SDU University, 2025) Амина Абдуллаева; Айгуль Касенова; Абай МағауияМақалада метаверс кеңістігінде тауар белгісін қолдану және қорғау мәселесі қарастырылады. Метаверс–бизнестің, шығармашылықтың және пайдаланушылардың арасында өзара қарым-қатынас орнатудың бірегей мүмкіндіктерін ашатын жаңа виртуалды кеңістік болып табылады. Мақалада метаверс түсінігімен NFT түсінігі қарастырылған, сонымен қатар берілген түсініктер мысалдар арқылы тереңірек түсіндірілген. Мақалада виртуалды кеңістік аясында зияткерлік меншіктің объектілері, оның ішінде тауар белгілерін пайдаланудың ерекшеліктері талданады. Авторлар әртүрлі виртуалды ойын платформаларының (Roblox, Fortnite, SecondLife, т.б.) мысалдары арқылы тауар белгілерінің қолданудан туындайтын тәуекелдер мен бұзушылықтарды қарастырады. Практикалық кейстер мен мысалдар, оның ішінде шетелдік тәжірибе зерделеніп, тауар белгісіне құқықтың бұзылу фактілеріне құқықтық тұрғыдан баға беріледі. Авторлар шынайы әлемдегі және виртуалды әлемдегі тауар белгісі қорғаудың маңызды аспектілеріне тоқталып, NFT арқылы тауарлар мен қызметтерді сату мәселесінің өзекті тұстарын анықтауға тырысады. Виртуалды кеңістікте қолданылатын тауар белгілерін тіркеудің кейбір мәселелері қарастырылады. Тауар белгілерін Тауарлар мен қызметтердің халықаралық жіктемесінің жекелеген сыныптарында тіркеу тиімділігі жөнінде қорытындылар жасалады. Жұмыста зияткерлік меншікке құқықты қорғау тәжірибесін жетілдіру жолдары ұсынылады.