Қ.А. Садықбеков2023-10-302023-10-302018Қ.А. Садықбеков / МӘМЛҮК ҚЫПШАҚ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІ ТІЛІНДЕГІ ЕСІМШЕ ЖҰРНАҚТАРЫ / СДУ хабаршысы - 20182415-8135https://repository.sdu.edu.kz/handle/123456789/638Аңдатпа. Есімше жасаушы жұрнақтар қыр-сыры мол жəне мағыналық ренктерге өте бай болып келеді. Сондықтан да есімше қосымшаларын бірде есімше, бірде қимыл есімі, енді бірде шақ категориясы жасаушы қосымшалар арасынан көреміз. Мəмлүк қыпшақ тіліндегі есімше жұрнақтарының бірі -мыш қазіргі күнгі оғыз тобына кіретін тілдерде актив қосымшалар қатарында. Алайда мəмлүк қыпшақ ескерткіштері тілінде -ған, -ген жұрнақтары оны ығыстырып, атқаратын қызметтерін иемдене бастаған. Нəтижеде қазіргі қыпшақ тобына кіретін тілдер -ған, ал оғыз тобына кіретін тілдер -миш жұрнағын қолданатын тілдер болып қалыптасқан. Мақалада мəмлүк қыпшақ тіліндегі есімше жасаушы жұрнақтардың тұлғалық жəне мағыналық ерекшеліктері, қолдану жиілігі жəне даму жолдары секілді мəселелер қарастырылған.otherмəмлүк қыпшақ тілі, есімше жұрнақтары, қимыл есімі.СДУ хабаршысы - 2018№1МӘМЛҮК ҚЫПШАҚ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІ ТІЛІНДЕГІ ЕСІМШЕ ЖҰРНАҚТАРЫArticle