Мергенова А.Т2026-09-042026-09-042026Мергенова А.Т / МЕДИАДИСКУРСТАҒЫ АЭС: АҚПАРАТТЫҚ КҮН ТӘРТІБІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ / SDU University / 7M03201 – «Медиа зерттеулері және журналистика»https://repository.sdu.edu.kz/handle/123456789/26382024 жылдың 2 қыркүйегінде Қ.К. Тоқаев елдегі алғашқы атом электр станциясының құрылысына қатысты референдумның уақытын жариялаған еді. Сол уақыттан бастап бұл жайт медиа кеңістікте көрініс тапқан ауқымды қоғамдық пікірталастарды тудырды. Бұл зерттеу елімізде мемлекет тарапынан қаржыландырылатын және тәуелсіз БАҚ өкілдерінің АЭС салу мәселесі бойынша халыққа ақпаратты ұсынуын зерттеу үшін медиа эффектілері теориясын арқау етеді. Себебі диссертацияда қазіргі медиадискурс шеңберінде Қазақстанда АЭС салу тақырыбы бойынша ақпараттық күн тәртібін қалыптастыру ерекшеліктерін анықтау мақсаты көзделді. Атап айтқанда, зерттеу келесі сұрақтарға жауап іздейді: «Мемлекет қаржысына тәуелді және мейлінше тәуелсіз БАҚ өкілдерінің АЭС салуға қатысты күн тәртібі қандай?», «Орыс және қазақтілді аудиторияға бағытталған ақпарат қандай фреймдер арқылы ерекшеленеді?». Осы мақсатта зерттеу екі жетекші БАҚ-тың қазақ және орыстілді жаңалықтар сайттарына контент-анализ жүргізді. Олардың біреуі толықтай үкіметтен қаржыландырылса, екіншісі мемлекет қаржысына мейлінше тәуелсіз БАҚ. Бірінші бұқаралық ақпарат құралдары – «Егемен Қазақстан» қазақ тілінде ақпарат таратататын жаңалықтар сайты және орыс тілінде хабар таратушы – «Казахстанская правда» сайты; ал екінші БАҚ өкілдері – «Vlast.kz» сайтының қазақ және орыстілді порталы. Зерттеудің теориялық негізін күн тәртібін белгілеу теориясы, фреймиң теориясы және праймиң теориясы құрайды. Контент-анализбен қатар дискурс-анализ де қолданылды. Зерттеу нәтижелері мемлекеттік БАҚ-тың тәуелсіз БАҚ-қа қарағанда үш есе артық материал жариялай отырып, АЭС тақырыбын бірыңғай оң фреймдер жүйесі арқылы ұсынғанын, ал тәуелсіз «Vlast.kz» порталының балама дауыс ретінде жұмыс жасағанымен, тілдік асимметрия мен сандық шектеуге байланысты доминантты нарративті өзгерте алмағанын айқындады.otherКүн тәртібін құруфреймиң құруАЭСКазахстанская правдаМЕДИАДИСКУРСТАҒЫ АЭС: АҚПАРАТТЫҚ КҮН ТӘРТІБІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІThesis