Дариябек Д.С.2026-02-092026-02-092015Дариябек Д.С. / ҰЛТТЫҚ ИДЕНТИФИКАЦИЯ ЖӘНЕ ҚҰНДЫЛЫҚ / Suleyman Demirel University / Сду Хабаршысы 2015 ( 1 )https://repository.sdu.edu.kz/handle/123456789/2478Бұл мақалада жаһанданудың ұлттық идентификация құндылықтарға әсері қарастырылған. Жаһандану адам өмірінің барлық саласына мәдениетке, тілге, білім беру мен рухани-адамгершілік дамуға елеулі ықпал етеді. Қазіргі қоғамда бұл аталған құндылықтардың бәрі жаңа қасиеттерге ие болуда. Кез келген халықтың рухани-мәдени болмысында идентификация маңызды орын алады. Ол сан ғасырлар бойы жинақталған ұлттық құндылықтар, дүниетаным мен қағидалардың тоғысы әрі заман өткен сайын толығып, өңделіп отыратын бірегей құбылыс. Қарапайым тілмен айтқанда, ұлттық идентификация дегеніміз адамдардың рухани дамуының кепілі, жан-дүниесінің сұранысы. Бүгінгі таңда оны ғылымда «сәйкестік» термині ретінде қолданып жүрген зерттеушілер баршылық. Дегенмен аталмыш анықтаманың ұғымның толық мазмұнын бере алмайтындығын айта кетуіміз қажет.Attribution-NonCommercial-ShareAlike 4.0 Internationalұлттық идентификацияқұндылықжаһанданубұқаралық мәдениетҰЛТТЫҚ ИДЕНТИФИКАЦИЯ ЖӘНЕ ҚҰНДЫЛЫҚArticle