Куатова И.2026-03-162026-03-162025Куатова И / Орта мектепте қазақ әдебиетін жаратылыстану пәндерімен интеграциялай оқыту әдістемесі / SDU University / ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІhttps://repository.sdu.edu.kz/handle/123456789/2535Зерттеу жұмысының бірінші бөлімінде әдебиетті жаратылыстану ғылымдарымен интеграциялау үдерісі қазіргі білім беру парадигмасы аясында теориялық тұрғыда негізделген. Бұл тарауда пәнаралық тәсілдің өзектілігі, оның оқушылардың тұтас дүниетанымын қалыптастыру мен әмбебап оқу дағдыларын дамытудағы тиімді құралы ретіндегі маңызы басты назарда қарастырылған. Қазақстанның білім беру жүйесінде интеграциялай оқытуға байланысты жүргізілген ғылыми зерттеулерге шолу жасалып, оның тұжырымдамалық негіздері, педагогикалық - әдіснамалық алғышарттары мен мектеп тәжірибесіне енгізілу деңгейі талданған. Сонымен қатар, гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарының өзара кірігуінің тарихи қалыптасу динамикасы — кеңестік кезеңнен бастап қазіргі білім беру реформаларына дейінгі аралықта қарастырылған. Жалпы білім беретін мектептерде интеграцияланған сабақтарды жүзеге асыру тәжірибесі де сараланып, мұғалімдердің іс жүзінде кездесетін негізгі қиындықтары мен қайшылықтары айқындалған. Зерттеу жұмысының екінші бөлімі қазіргі орта мектеп жағдайында қазақ әдебиетін жаратылыстану пәндерімен интеграциялау үдерісінің практикалық қырларын ашуға бағытталған. Әдеби мазмұнды математика, биология, география және информатика сияқты пәндермен табиғи түрде ұштастыруға мүмкіндік беретін әдістемелік тәсілдерге ерекше назар аударылған. Оқу материалының тақырыптық, ұғымдық және контекстуалдық бірлігіне негізделген пәнаралық сабақтарды жоспарлау мен өткізудің тиімді жолдары ұсынылған. Маңызды аспектілердің бірі — поэзиялық шығармаларды пәнаралық ойлау қабілетін дамыту құралы ретінде қарастыру. Өлең мәтіндерін талдау жаратылыстану пәндеріндегі ұғымдар мен құбылыстармен байланыстырылып, оқушылардың ғылыми түсініктерді көркем әрі эмоционалды мазмұнмен ұштастыра отырып меңгеруіне жол ашады. Бұл тәсіл оқушылардың өлең құрылымын түсінуін ғана емес, сонымен қатар ғылым тіліне жақындауын да қамтамасыз етеді. Сканировано с CamScanner онымен қатар бұл бөлімде интеграциялай оқыту әдістемесінің оқушыларардың ғылыми және сыни тұрғыдан ойлауын дамытудағы рөлі қарастырылған. Зерттеу жұмысының қорытынды бөлімінде қазақ әдебиеті мен жаратылыстану пәндерін кіріктіре оқытудың теориялық және практикалық негіздері жан-жақты сараланып, бұл тәсілдің оқушылардың білім сапасын арттырудағы тиімділігі мен мәні нақты көрсетілген. Бірінші тарауда интеграциялай оқыту әдістемесінің теориялық алғышарттары негізделіп, көркемдік пен ғылымның табиғи үйлесімі көрсетілсе, екінші тарауда нақты әдістер мен тәсілдер ұсынылып, поэзия арқылы ғылыми ұғымдарды меңгерту, логикалық және шығармашылық ойлауды дамыту жолдары ұсынылған. Зерттеу нәтижесінде интеграциялай оқыту – білімді терең әрі жан-жақты меңгертудің тиімді жолы ретінде танылып, функционалдық сауаттылық пен ғылыми дүниетанымды қалыптастыруда маңызды құрал бола алатыны дәлелдендіotherқазақ әдебиетігуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарқазақ тіліОрта мектепте қазақ әдебиетін жаратылыстану пәндерімен интеграциялай оқыту әдістемесіThesis