Исатай А.Жанболатова С.2024-05-142024-05-142018Исатай А , Жанболатова С / ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРІК ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРІНДЕГІ «ЖҮРЕК» КОНЦЕПТІСІ / Қазақстан ғылымының дамуы мен келешегі жастар көзімен - 2018978-601-7537-74-6https://repository.sdu.edu.kz/handle/123456789/1363Бүгінгі таңда тілі, діні, мəдениеті əр түрлі тілдердегі концептілерге лингвомəдени талдау жасау арқылы, сол концептілердің тілдегі ұлттықмəдени ерекшелігін анықтау өзекті мəселе болып табылады. «Концепт –тілдік ақпаратты кодтайтын, сөздің ішкі мазмұнын, мəнін танытатын, оның затқа, реалийге қатысын, шындықты бейнелеуін көрсететін жəне сол ақпаратты келер ұрпаққа жеткізетін тілдік таңбалар жиынтығы». Кез-келген тілдегі концептілер жүйесі қоршаған орта туралы қалыптасқан ақпараттардың жиынтығы түрінде түзіледі, осы ақпараттар жиынтығы ғаламның тілдік бейнесін түзеді. Тіл білімінде соматизмдердердің фразеологизм жасауға қатысу дəрежесінің түрлілігі дене мүшелері қызметінің адам үшін аса белсенділігімен анықталады. «Жүрек – қорқыныш, қайғы, мұң, қуаныш, жақсылық, махаббат, сезім, сүйіспеншілік нышаны ретінде қазақ жəне түрік фразеологизмдерінің құрамында кеңінен көрініс тапқанын байқауға болады. Осыған байланысты, мақалада қазақ жəне түрік халықтарының тілдік санасындағы “Жүрек” концептісі қорқыныш, қуаныш, махаббат, қайғы-мұң т.б. лексика-семантикалық топтарға жіктеледі. Мұнымен қатар, мақалада қазақ жəне түрік фразеологизмдеріндегі “Жүрек” концептісіне лингвомəдени талдау жасалып, олардың лингвомəдени ерекшеліктері анықталады.otherқазақ жəне түрік тілдерісоматизмдержүрекфразеологизмдермақал-мəтелдерконцептлингвомəдени талдауҚазақстан ғылымының дамуы мен келешегі жастар көзімен - 2018№7ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРІК ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРІНДЕГІ «ЖҮРЕК» КОНЦЕПТІСІOther