Күдеринова Қ.Б.Абдиева М.2023-11-012023-11-012018Қ. Күдеринова, М. Абдиева / 1929-1940 ЖЫЛДАРДАҒЫ ЛАТЫН ГРАФИКАЛЫ ҚАЗАҚ ЖАЗУЫНЫҢ ТАРИХИ ТАҒЫЛЫМЫ / СДУ хабаршысы - 20182415-8135https://repository.sdu.edu.kz/handle/123456789/704Аңдатпа: Бұл мақалада 1929-1940 жылдардағы латын графикалы қазақ жазуының тарихи тағылымы сөз болады. Зерттеу нәтижесі латын графикасымен басылған қазақ кітаптары туралы еңбектердің жоқ екендігін көрсетеді. 1929-1940 жылдары латын графикасымен Қазақстанда жарық көрген кітаптардың тізбесі жасалынып, кестемен көрсетілген. Кітаптардың авторлары, редакторлары, қай қалаларда басылғандығы да көрсетілген. Мақалада латын графикасындағы қазақ әліпбиімен 1929 жылдан емес, 1928 жылдан бастап шыға бастағаны айтылады. 1928 жылы 5000 тиражбен жарық көрген Байділдаұлы Ә. «Жаңа әліппе туралы» еңбегі талданады. Кітаптағы орфографиялық және пунктуациялық ерекшеліктер айтылады. Мәселен, «бас әріпке байланысты қиындықтар», «/в/-ның үлкен әріп нұсқасы», «қысаң езуліктердің емлесі», «и, у дыбыстарының жазылуы», «кейбір дауыссыз дыбыстардың жазылуы», «сөздерді бірге, бөлек жазудағы өзгерістер»,«кейбір тыныс белгілердің қолданылуы» секілді ерекшеліктер талданады.otherәліпбиграфикаорфографиядыбыстаңба.СДУ хабаршысы - 2018№41929-1940 ЖЫЛДАРДАҒЫ ЛАТЫН ГРАФИКАЛЫ ҚАЗАҚ ЖАЗУЫНЫҢ ТАРИХИ ТАҒЫЛЫМЫArticle