Еркінбай Ұ2025-09-262025-09-262012Еркінбай Ұ / ЖАЗУШЫ ХАРУН ТОКАК ПРОЗАСЫНДАҒЫ ТАНЫМ ПОЭТИКАСЫ / 5th International Conference, Building Cultural Bridges: Integrating Languages, Linguistics, Literature, Translation and Journalism into Education /ISBN: 9965-792-05-4, Suleyman Demirel University, 2012 pgs 306-3109965-792-05-4https://repository.sdu.edu.kz/handle/123456789/2007Кез келген әдеби процесстің аяқ алысын бағамдауда айналып өте алмайтын тақырып, ол әдеби байланыстарды арнайы талдау мәселесі. Өзге халық әдебиетімен арадағы шығармашылық байланыстың ұлттық әдебиеттің даму арнасына белгілі бір деңгейде әсер ететіні рас. Осы ретте, әсіресе, қазақ-түрік әдеби байланыстарының тамыры тым тереңде жатқандығын айта кету керек. Бұл әдебиеттанулық тұрғыдан да арнайы қарастырылып жүр. Өкініштісі, бұл сала да әдеби байланыстың кеңестік әдіснамасы аясында зерттелуде. Соның салдарынан түрік ақын-жазушыларының еңбектерін зерттеудегі біздегі өлшемнің ұстанымы айқын болмай отыр. Ал түрік әдебиетшілері біздің заманауи мәтіндерімізді емес, дәстүрлі ауыз әдебиеті үлгілерін арнайы зерттеуде. Бұған түрік әдебиеттануындағы қазақ әдебиетіне қатысты арнайы зерттеу еңбектер жазған Сүлейман Гүлер, Фархат Тамир, Аббас Шынар, Айше Шетін, Шайых Гөкиай, Абдурраһман Гузел, Фетхи Қараманоғлы, Фарух Темурташ, Метін Ергүн сынды т.б. ғалымдарды атаудың өзі жеткілікті. Аталған ғалымдар біздің орта ғасырдағы ортақ әдеби жәдігерлеріміздегі түркілік сана мен көркем сөздегі ғибраттық сарын қатты қызықтырадыAttribution-NonCommercial-ShareAlike 4.0 Internationalтүрік прозасықазақ-түрік әдеби байланыстарырухани құндылықтартүркі өркениетіЖАЗУШЫ ХАРУН ТОКАК ПРОЗАСЫНДАҒЫ ТАНЫМ ПОЭТИКАСЫArticle